Кейбір биологиялық белсенді заттар маңызы Кумариндер – спазмалық, микробқа қарсы, ісікке қарсы қасиеттерге ие ароматты лактондар. Сапониндер – қан қысымын төмендетеді, терлетеді және зәр айдаушы қызмет атқарады. Флавоноидтар – қазіргі таңда қан тоқтату, тотығу үрдісіне қарсы қасиеттерге ие болған, гепатопротекторлық қасиет көрсететін заттар, өсімдік гүлдерінде, жапырақттарда кездесетін фенолды қосылыстар. Полисахаридтер – жоғарғы молекулалы полимерлі қосылыстар. Иммунды көтеруші қабілеті бар. Микроағза жасушаларына кіретін полисахаридтер ісікке қарсы қызмет атқарады. Е дәрумені (токоферол) – антистерилді белсенді дәрумендер тобына жатады. Қалыпты жетілуге қызмет жасайды, тотығу үрдісіне қарсы қасиет көрсетеді. Эфедринді синтездеп алу Эфедринді синтездеп алу үшін өндірісте пропион қышқылынан оның хлорангидридін алып, Фридель-Крафтс реакциясын пайдаланып, алюминий хлориді катализаторының қатысында пропионилхлоридпен бензолды ацилдейді де, пропиофенон алады, алынған өнімге бромдау реакциясын жүргізеді. Алынған кетондарда α-жағдайдағы галоген, нуклеофилдармен оңай орын алмасады. Бұл реакцияның жағдайында бромды метиламин тобымен алмастырып, алынған аминокетонды Реней никелімен немесе палладий қатысында тотықсыздандырады. Алынған рацематты оптикалық белсенді D-шарап қышқылының дибензоатының көмегімен бөледі. Эфедринді биохимиялық әдіспенде синтездеуге болады, бұл әдісте қантты және патоканы бензальдегид қатысында ашытады, солға айналатын эфедриннің шығымы 30-40% болады.
Достарыңызбен бөлісу: |