Өсімдікте бірінші және екінші ретте синтезделетін кейбір биологиялық белсенді заттар


КӨМІРСУЛАР МУТАРОТАЦИЯСЫ Мутаротация



бет2/7
Дата16.09.2024
өлшемі375,29 Kb.
#204388
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бурашева Сов.тех.1

КӨМІРСУЛАР МУТАРОТАЦИЯСЫ

Мутаротация

Жаңа дайындалған α-D-глюкозаның айналу бұрышы +1060, β-D-глюкозаның +22,50. Бірақ қанттардың ерітінділері біраз тұрғанда олардың айналу бұрыштарының мəні өзгереді (α үшін төмендейді де, ал β үшін көтеріледі 52,50-ке дейін). Айналу бұрышының өзгеруі сыну коэффициентін, ИҚ-ЯМР-спектрлерін, т.б. мəндерін өзгертеді.

Көмірсулар ерітінділеріндегі таутомерлі түрлерінің айналу бұрыштары өзгеріп, тепе-теңдік түзілуін мутаротация дейміз.

Мутаротация екі түрге бөлінеді: жəй мутаротация жəне күрделі мутаротация.

Жəй мутаротация кезінде сақина шамасы өзгермейді, тек айналу бұрышы өзгереді, жəй мутаротацияға жататын 1-реттегі кері реакция – глюкоза; күрделі мутаротация кезінде сақина шамасы жəне айналу бұрышы өзгереді, мысалы – рибоза.

Бөлме температурасында нейтралды ерітіндіде мутаротация өте баяу жүреді, тепе-теңдік түзілгенше көп уақыт керек. Реакция қышқылдармен жəне сілтілермен катализденеді, ол ортада таутомерлі түрлер арасындағы тепе-теңдік тез орнатылады.

Көмірсуларға тән сапалық реакциялар




Реакциялар

Реагент

Көмірсулар

Реакция нәтижесі

1

Молиш

α-нафтол+концентрлі күкірт қышқылы

Пентоза, гекзоса және көп қанттар

Сия көк түсті күкірт қышқылы және су бөлінетін шекарада

2

Антрон

Антрон+концентрлі күкірт қышқылы

Гексоза, пентоза

Тұрақты көк түс, тұрақсыз көк түс қызғылтқа ауысады

3

Толленс

Флороглюцин+концентрлі күкірт қышқылы

пентоза

Қызғылт-сия көк түс

4

Селиванов

Резорцин+1 м тұз қышқылы

Кетоза, альдоза

Тез түзілетін қызғылт баяу түзілетін қызғылт


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет