Өсімдікте бірінші және екінші ретте синтезделетін кейбір биологиялық белсенді заттар



бет6/7
Дата16.09.2024
өлшемі375,29 Kb.
#204388
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бурашева Сов.тех.1

Флавоноидтар туындылары

Флавоноидтардың әртүрлілігі көміртегі гетероциклді сақинасында құрылысты өзгерісімен ғана емес, сонымен қатар ароматы бөлігінің – А және В сақинасындағы – әртүрлі радикалдардың болуымен, гликозидтену дәрежесі, көміртекті қалдықтың бірігу орнымен, оның табиғаты мен саны, қантты сақйнаның тотығу мөлшерімен, гликозидті қосылыстардың конфигурациясымен, гликозидті топтың агликонмен жұптасу өзгешелігімен, сонымен қатар мономерлі бірліктің полимеризациялану дәрежесімен ерешеленеді.

Өсімдік құрамында катехиндер бос фенолды қосылыс немесе галлатты, метилді, ацилді, гликозидті туындылар ретінде кездеседі.

Флаван-3-олдар А және В ароматты сақинаның гидроксилдену дәрежесімен ерекшеленіп, өсімдікте 3,5,7,3',4' – пентагидроксифлаван стереоизомері кездеседі: (+)- катехин және (-)-эпикатехин мен қатар табиғатта 3,5,7,3',4',5'-гексагидроксифлаван {(-)-эпигаллокатехин мен (+)-галлокатехин} да кездеседі.

Проантоцианидиндер

З.А. Кулиев әріптестерімен Кәдімгі емен (Quercus robur) қабығының құрамында 13-15% жуық тері илегіш заттар бар және бұлар ежелгі кезден тері илеу үшін қолданады.

Халық және ғылыми медицинада тіс етінің қан аққыштығы мен болбырлығы кезінде бырыстыратын дәрі ретінде қолданған. Әдебиеттерде Quercus robur қабығындағы проантоцианидтердің химиялық зерттеулері жайлы мәліметтер бар, сондай ақ химиялық құрамы бойынша осыған жақын болып келетін Q.dentanta және Q.miyagii түрлері жайлы да келтірілген. Жаңа биологиялық белсенді заттарды бөлу және іздестіру мақсатында біз ТМД елдерінің аумағында өсетін Quercus robur L. (Fagaceae тұқ.) қабығының проантоцианидтерін зерттелген.

Еменнің сулы-спиртті экстрактісінен LH-20 сефадекстегі гельфильтрация және микрокристалды целлюлоза ұнтағында хроматографиялық әдіс көмегімен 20 жуық қосылыстар бөлген: катехиндер, төменмолекулалы олигомерлі және полимерлі проантоцианидиндер.

Флаван-3-олдар мен димерлі проантоцианидиндер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет