Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет30/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
мәселелерді 
бөліп қарастыруға болады: 

БҰҰ 
жанындағы 
Әлеуметтік 
және 
экономикалық 
мәселелер 
департаментінің 2016 жылы келтірген деректері бойынша әлем халқының 
54,5%-ы (4 034 млн адам) қалаларда қоныстанған 

97, р.1

. 1900 жылы әлем 
халқының небары 10-15%-ы қалалық болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш 30%-ы 
құрады. Урбандалу процесінің күрт жеделдеуі осы уақыттан басталды. Ал 2008 
жылы әлемдегі ауыл және қала халқы саны теңесті. 2050 жылға қарай бұл 
көрсеткіш 66%-ға өсетіні болжануда. Яғни, 33 жылдан соң 6,4 млрд халық 
қалаларда қоныстанатын болады (18-сурет) 

98


Сурет 18 – Әлемдегі қала және ауыл халқының динамикасы (1950-2050 ж.ж.) 

2016 жылы әлемде 1 млн-нан кем емес қалалар саны 512 бірлікті құрады. 
2030 жылға қарай мұндай қалалардың саны 662-ге жететіні болжануда. 10 млн-
нан асатын халқы бар қалалар 
«мегақалалар» 
атауымен белгілі. Әлемде мұндай 
қалалар саны 2016 жылы 31 болса, 2030 жылға қарай 41-ге өсетіні болжануда. 
2016 жылы халық саны 5-10 миллион аралығындағы қалалар саны 45 болса, 
2030 жылға қарай мұндай халқы бар қалалардың саны 63-ке көбейетіні 
болжануда. Тек, бір ғана қаланың (Санкт-Петербург, РФ) халық саны 5 млн-нан 
кемитіні болжанған. 2030 жылға дейінгі 1млн-нан астам халқы бар қалалардың 
урбандалу тренді 19-суретте келтірілді. 


62 
Сурет 19 – 1 млн-нан астам халқы әлем қалаларының урбандалу тренді, 
2016 және 2030 жылдар 

97, р.2


Қазіргі таңда әлемнің жоғары урбандалған аймақтары болып Солтүстік 
Америка (82%), Латын Америкасы (Кариб алабымен қоса алғанда) (80%) және 
Еуропа (73%) саналады. Ал, Африка және Азия құрлығында ауыл халқының 
үлесі басымырақ, сәйкесінше мұндағы халықтың 40 және 48%-ы қалаларда 
қоныстанған (20-сурет). Бірақ, соңғы онжылдықтағы аймақтар бойынша 
урбандалу процесінің Азия және Африка бойынша тез өсім көрсеткенін 
ескерсек, болжам бойынша 2050 жылға қарай мұндағы халықтың 56 және 64%-
н қала халқы құрайды. Халық санының ұдайы өсуі және урбандалу нәтижесінде 


63 
2050 жылға қарай 2,5 млрд адам қалаға қоныстанатыны болжанып отыр 

99, 
р.1

.
Сурет 20 –Урбандалу көрсеткіші және халқы 500 мыңнан кем емес
қалалық агломерациялардың шоғырлануы (2016 ж.) 

Әлемдегі халқы ең көп қала Токио (агломерациясымен қоса алғанда) – 
38 млн адам, сосын Дели – 25 млн, Шанхай – 23 млн және Мехико, Мумбай, 
Сан-Паулу (әрқайсысында 21 млн). Халқы 10 млн-нан асатын мегаполистердің 
саны 2016 жылы – 31 болды. Оның 24-і Қытай, Үндістан, Бразилия, Африка 
елдері сияқты оңтүстік жарты шардағы дамушы елдерге тиесілі. Атап айтқанда, 
Каир, Киншаса, Йоханнесбург, Дар-эс-Салам, Ахмадабад, Бангалор, Ченнай 
және Хайдарабад секілді қалаларда халық санының күн санап артуы Азия мен 
Африкада урбандалу үрдісін жедел жүргізуде (21-сурет). Бұл үрдіс 
«жаһанданған оңтүстік»
түсінігінің қалыптасуына негіз болды. Жалпы, 
қалалардағы халықтың 50%-ға жуығы (1 985 млн адам) халқының саны 500 
мыңнан кем қалаларда қоныстанған.

Әлемдегі ауыл халқының саны 3,4 млрд адамнан 2050 жылға қарай 3,2 
млрд-қа азаятыны күтілуде. Оның 90%-ы Африка мен Азияда қоныстанатын 
болады. Қазіргі таңда ең көп ауыл халқы Үндістан (857 млн) мен Қытайда (635 
млн) тұрады 

97, р.5; 99, р.14-15



2014 жылдан 2050 жылға дейінгі әлемдік урбандалудың 37%-ы тек үш 
мемлекетте болатыны болжанады. Олар: Үндістан, Қытай, Нигерия. 
Үндістанннан 404 млн, Қытайдан 292 млн және Нигериядан 212 млн адам 
қалалықтарды толықтыратыны болжануда.


64 
Сурет 21 – Әлемде ең жылдам өсіп жатқан қалалар Африкада және Азияда 
орналасқан 
Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты ұлттық экономиканың 
маңызды экономикалық өсу нүктелері болып табылатын урбандалу процестерін 
ынталандыруды және агломерацияларды реттеп дамытуды, экономикалық және 
демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және 
қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды, қалыптастыруды 
қамтамасыз етуге арналған. Аталған өңірлік саясатты жүзеге асыру мақсатында 
елімізде кешенді іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, «Елді аумақтық-
кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы» 

100

, Өңірлерді 
дамытудың 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы 

101

, «Елорданың 2050 
жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының рейтингіне кіру тұжырымдамасы» 

102

және т.б. Осы ретте, еліміздегі урбандалудың негізгі трендтері ретінде 
төмендегі сандық көрсеткіштерді атауға болады:

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті келтірген 
деректер бойынша еліміздегі халық саны 2017 жылы 17,9 млн адамды құрады 

66

. Аталған халықтың 56,2%-ы урбандалған аумақтарда немесе қалаларда 
қоныстанған. Облыстар бойынша урбандалу деңгейі жоғары аймақ - Қарағанды 
облысы (79,1%), облыстың жалпы халық саны – 1,3 млн адам.

Республикалық маңызы бар қалаларда (Алматы, Астана) және облыс 
орталықтары мен облыстық маңызы бар ірі қалаларда (Семей, Түркістан) 
еліміздегі жалпы қала халқының 75,5%-ы қоныстанған. Ал, қалған 24,5%, яғни 
2,4 млн адам монобейінді және шағын қалаларда тұрады.


65 
Қалалардың жылдам өсуі және қала халқының ұлғаюы мүмкіндіктерді де, 
сол сияқты сын-қатерлерді де тудырады. Бір жағынан, қалалар, әсіресе, ірі 
қалалар экономикалық өсу және даму, бизнес пен адамдар үшін 
мүмкіндіктердің шоғырлану орталықтарына айналады. Екінші жағынан
қалалардың инфрақұрылымы кәсіпорындар мен қала халқының жылдам өсіп 
жатқан қажеттіліктеріне ілесе алмайды, бұл қалаларда өмір сүру 
жағдайларының нашарлауына және экологияның нашарлауы, коммуналдық 
қызметтердің жетіспеуі мен төмен сапасы, аурулар мен адам денсаулығы үшін 
қауіптердің өсуі сияқты, сондай-ақ көптеген өзге де мәселелердің туындауына 
негіз болады. Бұл мәселелердің жағымды және жағымсыз әсерлерін 22-суретте 
жүйелеп көрсеттік.
Сурет 22 - Урбандалу процесінің қоғам дамуына әсері 
Яғни, урбандалу бір жағынан тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, 
қоғам дамуына жол ашса, екінші жағынан – табиғи жүйелердің жасанды 
жүйелерге айналуына, қоршаған ортаның ластануына, тірі ағзаларға түсірілетін 
химиялық, физикалық және психикалық жүктемелердің артуына, түрлі 
әлеуметтік мәселелердің туындауына негіз болады. Үлкен қала табиғи ортаның 
барлық компоненттерін – атмосфера, өсімдік жамылғысы, топырақ, жер асты 
сулары, климат және Жердің электрлік, магниттік және басқа да физикалық 
өрістерін өзгеріске ұшыратады 

103, б.261 - 104

. Бұл жағдай, XXI ғасырдағы 
өзекті мәселелердің біріне айналып отырған урбандалу мәселесіне мән беруге, 
қоғам дамуындағы оның рөлін жіті зерделеудің қажеттігін көрсетеді. Мұны біз, 
ЖОО-да оқытылатын «Геоурбандалу» пәні мазмұны жағдайында қарастыру 
тиімді деп шештік. Яғни, географиялық білім беруде қалалар географиясын 
оқыту практикасы аталған пән негізінде орындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет