Сабақ Тақырыбы: Қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері



бет1/6
Дата21.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#12040
  1   2   3   4   5   6
Уақыты: 26.02.2015 жыл

Бекітемін: Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі меңгерушісі: Г.Нұрманова



Ашық сабақ

Тақырыбы:Қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері

Пәні: Бейнелеу өнері

Класы:5

Өткізген:Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Б.Сақып

Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі 2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың ұлттық қолөнері туралы мәлімет беру, әр түріне қысқаша тоқталу. Әлем халықтар өнерлерінің құпияларын ашуға қызығушылығын ояту
2. Оқушылардың қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылығын арттыру.Басқа ұлт қолөнерінің қазақ қолөнерінен айырмашылығын зерттеу
3. Оқушыларды өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған қолөнерін құрметтеуге, дәріптей білуге тәрбиелеу.

а) Білімділік: Қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен қолданылатын материалдары және орындау техникасы туралы түсінігін қалыптастыру.
б) Дамытушылық: Оқушылардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау. Шығармашылық қиялдың, ойлау әрекетінің дамуын салыстыру, талдау, ептілігін, икемділігін дамыту.
в) Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, жинақылыққа, икемділікке, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: дәстүрлі,түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау,тест алу,өз бетінше сарамандық жұмыс орындау.
Сабақтық көрнекілігі: слайд, «қол өнер-мол өнер» бұрыш көрмесі,дайын сурет түрлері,сызбалар,плакаттар,өнер атрибуттар бұрышы. Жабдығы:Компютерь,молверт тұғырлары,құм сағат,планшет тақтайшалар Қажетті құралдар:Ақ қағаз,гашь,қылқалам,графикалық бояулар,қарындаш,палитра,су құйғыш,палитра,шүберек т.б
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.


аСергіту сәті: 1-ойын: «Ғажайып суретшілер» 2-ойын: «Тез ойлан»


II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою,әр оқушы ретімен шығып орындаған тапсырмаларын талдау.


Үй тапсырмасын қорытындылау: Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою,сөзжұмбақ шешу

Жаңа сабақ: Қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері
Жаңа сабақ: Қазақ халқының және әлем халықтарының қолөнер түрлері

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛӨНЕРІ:Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының материалдық қазынасының қомақты бөлігі-ұлттық қолөнер.Қазіргі кезде ұлттық қолөнер болашақ ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналуда.Қолөнер тәрбиенің құнды құралы,қолөнер атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра,қолөнер-кәсіп,қолөнер-қол еңбегі,қолөнер ғасырлар бойы дамып келе жатқан халық шығармашылығы.Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар.Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан ғана емес,эстетикалық жағынан да маңызы бар көркемдеп жасалған қолөнер туындысын айтамыз.Сәндік қолөнерді жасау үшін ағаш,сүйек,әйнек,темір,тері,жүн,т.б материалдар қажет.Қай халықтың болса да, тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдарымен заттарын дүниеге әкелген – қолөнер.Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуының өзінше ерекшелігі бар.Бұл қолөнер-дизайнның шарықтау шегі десе де болады,себебі дизайн саласымен тығыз байланысты,Бұл өнер аса ұқыптылықты,жоғары талғаммен тазалықты және де еңбекқорлықпен шыдамдылықты талап ететін өнер саласы.

Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер - су, көшіп - қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою - үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті.
Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады.Қазақ қоғамындағы өндірістің тағы бір түрі — үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар сұранысын өтеуге бағытталды. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшілігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-монғол халықтарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады. Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата - бабадан ұрпаққа жеткен шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігі.



ҚОЛӨНЕР
Қолөнер түрін 4-топқа бөліп қарастыруға болады,олар мыналар:








ҰСТА

ЗЕРГЕР

ІСМЕР

ШЕБЕР



Қару-жарақ, Ер-тұрман, сауыт-сайман тб жасаумен шұғылданатын адам

Алтын мен күмістен сырға,алқа, шолпы,сақина білезік тб жасайтын адам.

Ұлттық киімдер тігумен айналысатын адам.сонымен қатар текемет,алаша,ою-өрнек,тұс киіз жасаушылар

Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам,соның ішінде,сувинерлік бұйымдар,сандық,мүсін,сүйекпен мүйізден т.б жасалған бұйым


Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар.

Қазақтың ұлттық қолөнері
♦ Ағаштан жасалатын бұйымдар
Ұлттық киімдер
♦ Ши орау қолөнері
♦ Теріден жасалатын бұйымдар
♦ Сүйек, мүйізден жасалатын заттар
♦ Жүннен жасалатын заттар
♦ Зергерлік бұйымдар
♦ Кесте. Көрмеп тігу қолөнері
♦ Ою - өрнек және олардың түрлері
♦ Өрмек, тоқыма қолөнері


Ағаш бұйымдары
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.





Каталог: uploads -> doc -> 134a
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
134a -> Сабақтың тақырыбы Ж. Кәрбозин. Жиырма тиын Мақсаты
134a -> Сабақ жоспары. Өткізуші: Таткенова Гүлбану Хайдарқызы
134a -> География пәнінің жаңа оқыту технологиясы
134a -> 3 Негізгі бөлім і-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының қысқаша теориясы
134a -> Сабақ: қазақ тілі Мектеп: "№4 жалпы орта білім беретін мектеп"
134a -> Сабақ жоспары: Сабақ тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру. Сабақ мақсаты
134a -> Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру салалары : Таным
134a -> Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет