Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін



Pdf көрінісі
бет51/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
 
2.3 Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін 
географияда оқыту әдістемесі және зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектеп пен 
ЖОО-да дәстүрлі оқыту технологиясының білім алушылардың ғылым 
негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей 
отырғандығы білім алушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен 
көрінуде. 
Сондықтан 
оқу-тәрбие 
үрдісін 
жандандырудың 
қазіргі 
технологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану 
арқылы білім сапасын жоғарылату үшін басты бағыт-бағдар берілуде. 
Технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан 
білім беру ұйымдарындағы әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту 
технологиясын таңдап іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы 
білім алушының технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына 
оқытушы тарапынан көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі инновациялық озық технология 
туралы ғалым-педагог В. Беспалько «Слагаемые педагогической технологий» 
еңбегінде 
«Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы – оны 
тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде 
жүзеге асатын жобасы»,
- деп қарастырады 

141, с.133-134

.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарында «География» пәнін оқытудың 
мәселелері көтерілуде. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы 
мамандары «География» пәнін оқыту бойынша талдамалы жұмыстар жүргізген 

142, б.44-48

. Талдау барысында жаңа педагогикалық технологияларды 
қолдану арқылы білім беруге, оқытудың заманауи құралдарының рөліне 
тоқталады. Зерттеу жүргізген мамандар: «Географиялық білім беруде, әлі де 
болса заманауи технологияларды, ақпарат көздерін, білім берудің сандық 
ресурстары мен құралдарын қолдану қажет» - деп санайды.
Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыруда 
заманауи технологияларды пайдалану жаңартылған мазмұндағы типтік оқу 
бағдарламасында да қарастырылған 

65, б.2-4

. Бағдарламада оқу процесін 
ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдерін талдауда АКТ-ды қолданудың 
ерекшеліктеріне мән берілген. Ал, 10-11-сыныптарға арналған «География» оқу 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына ГАЖ 
бағдарламаларын пайдаланып орындалатын жұмыстар енгізілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет