Геометрияны оқытуда «geogebra» бағдарламасын қолдану



бет1/5
Дата21.04.2020
өлшемі0,54 Mb.
#63775
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СТАТЬЯ ТОКТАМЫСОВА


ГЕОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУДА «GEOGEBRA» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ

Медешова А.Б.- ф-м.ғ.к., доцент М.Өтемісов атындағы БҚМУ



Токтамысова А.Т.- М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Аннотация. Мақалада геометрияның бастапқы курсын оқытуда «Geogebra» бағдарламасын қолдану арқылы түсіндіру туралы баяндалды.

Тірек сөздер. АКТ, білім беру мазмұны, сыни тұрғысынан ойлау, Geogebra, нүктелер, векторлар, түзулер, көпбұрыштар, функциялар, т.б.
«Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н. Ә. Назарбаев
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының тиімділігі. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет - ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы былайша айтқанда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер мен тәсілдер.Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.[1] Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «іздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.[2]

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады.

Сондықтан машық кезінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалана отырып копьютерлік бағдарламалар арқылы оқушыларды өз беттерімен жұмыстануға үйретіп, сабақтарда осы технологияны және компьютерлік бағдарламаны қолдану тиімді. Солардың бірі компьютерлік Геогебра бағдарламасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет