Геометрияны оқытуда «geogebra» бағдарламасын қолдану



бет2/5
Дата21.04.2020
өлшемі0,54 Mb.
#63775
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
СТАТЬЯ ТОКТАМЫСОВА

Геогебра бағдарламасы.

Бағдарлама бойынша оқушылар өз беттерімен жұмыстанып, берілген тапсырманы өздіктерінен орындай отырып, талдайды, шығарады, көрсете алады, интерактивті тақта арқылы оқушы сол бағдарламада жұмыстанады.

Геогебра – тегін таратылатын математикалық интерактивті бағдарлама (www.geogebra.org) геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойнша ең көп таралған математикалық бағдарлама ретінде танылып отыр. 149 елде қолданылып жатыр, 49 тілге аударылған. Авторы – австриялық математик, Маркус Хохенвартер. 2009 бұл бағдарлама үшін арнайы байқаудың жеңімпазы атанды. Осы жылдың тамызында оның үш өлшемді нұсқасы шығады.

Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді үйрететін бейнероликтер мен қолданушы кітапшасын шығару. Әрі онымен мектеп оқушыларын, мұғалімдерін ЖОО-дағы студенттерін таныстыру/үйрету.

Менің ойымша, егер бұл бағдарлама қазақ тіліне аударылып, мектептерге математиканы, соның ішінде геометрияны үйрену мен үйретудің көмекші құралы ретінде ұсынылса, бұл пәнді түсінбей жүрген оқушылардың математиканың шын мәнінде қызықты бір пән екендігіне көздері жетеді.



Геогебра – оқу құралы ретінде.

Бағдарлама тегін болғаннан кейін оны кез-келген компьютерге орнатып, қолдануға болады(бес мб.). Проекторы бар әр сыныпта математиканы көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе жаңа тақырыпты түсінду барысында тиімді бұл бағдарлама. Әрі математикалық формулалармен шешілген есептерді көрнекі түрде графиктер салу арқылы тексеруге болады. Бұл әдіс оқушыларға ерекше қызық болып, формулаларды түсінікті түрде жеткізеді.

Еуропада Геогебра бағдарламасын дамыту үшін ұйымдастырылған осы институттар арқылы басқа елдердің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасады. Жүйелі түрде конференциялар өткізіліп отырады. Келесі конференция арнайы Азиядағы бағдарламаның таралуы жайында болады. Ол Пекин қаласында 2011 жылдың мамырдың 23-інде өткізіледі. Ол конференцияға арнайы тіркеуден өткен кез-келген математика пәнінің мұғалімі қатыса алады. Геогебраны дамыту үрдісі Еуропа елдерінде кең дамыған. Азия елдерінде бұл бағдарлама тек қана тізімде көрсетілген 4 мемлекетте ғана мектепетерде және ЖОО-ларда белсеңді түрде  оқу құралы ретінде қолданылуда.[3]

Бұл бағдарлама әлем бойынша кең таралған. Орталығы Австрия мемлекетінде орналасқан. Геогебраның басқа мемлекеттерде дамыту жергілікті мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады: бағдарлама жергілікті тілге аударылады, Геогебра институттары ашылып, сол институттар арқылы бағдарлама әрі қарайдамытылып, интерактивті нұсқалар дайындалады, үйретуші бейнекөріністер жазылады, қолданушы кітапшалары жазылады, әрі басқа елдердегі мұғалімдер мен Геогебра бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу іске асырылады.

GeoGebra алгебра мен геометрияға байланысты элементтерді (мыс: нүктелер, векторлар, түзулер, көпбұрыштар, және функциялардың графиктері) интерактивті, орындарын ауыстыра алатын түрде көрнекі түрде көрсетеді. Бұл объектілерді қаласаңыз, бірден тышқанмен шерту арқылы, немесе алгебралық енгізу алаңы арқылы өзгерте аласыз. Бұдан басқа GeoGebra функциялардың туынды мен интегралдарын табуға қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет