Бүгін "Жас Қазақ" газетінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың сұхбаты жарық көрді
Ерлан ЫДЫРЫСОВ, Сыртқы істер министрі: Нотаны тек қазақша жолдаймыз Соңғы кездері еліміздің сыртқы саясат мекемесі жөнінде әңгіме көп. Әлем мың құбылып тұрған әзіргі шақта Еуразия одағының мүшесі Қазақстанның көпвекторлы саясаты өзгерді ме? Бұл тараптағы елшінің басты міндеті не? Бүгінгі қазақ дипломатының бет-бейнесі қандай? Елшілер мемлекеттік тілді меңгерген бе? Белгілі бір елде елшіліктің көмегімен Қазақстанның келбетін қалыптастыру қаншалықты жүзеге асып жатыр? Бұл туралы «Жас қазаққа» Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың өзі егжей-тегжейлі айтып берді.