Геогебра бағдарламасын сабақта қолдану.
Геогебра бағдарламасын сабақта қолдану тиімді. Геометрия сабағында қалай қолдануға болса, алгебра сабағынан да қолдануға болады. Оқушылар компьютермен жұмыс жасап, өз беттерімен берілген тапсырманы осы бағдарламада салып орындайды. Негізінен алгебра сабағында функция тақырыптарына тиімді болып келеді. График салуда, яғни алгебрада берілген формуланы еңгізе отырып, соған сай графиктік сызбасын көрсетіп береді. Геометрия сабағынан фигураларды салу, олардың ұзындықтарын, бұрыштарын анықтауға болады. Салу есептерінде бағдарламаны қолдана отырып, кез келген салу есептерін сала аламыз. Интерактивті тақтада осы бағдарламаны қолданып, керек есептерді тақтада орындай алады. Бұнда аты айтып тұрғандай геометрияның элементтері алгебрамен де байланыстырылып тұрады. Кез келген түзуді салатын болсақ, алгебралық терезеде түзудің ұзындығының сандық мәні шығып тұрады. Бұл есеп шығаруды тездетеді және ыңғайлы. Сабақта қолданып, оқушылардың компьютермен жұмыстануын, шығармашылықтарын дамытады. Көбіне оқушы сабақта бос отырып қалмай өз бетімен жұмыстануға, есептерін шығаруға өз пайдасын тигізеді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән беріледі. Проблемаларды шешу құзіреттілігін қалыптастыру барысында: торлы талқылау, венн диаграммасы, концептуалды кесте, бұрыштар алгоритмі, дәлелді эссе. Ақпаратты құзіреттілікті дамытуда: INSERT кестесі, үш қадамды сұхбат, алма-кезек сұрақ қою, ғылыми баяндама жасау, ББҮ кестесі, жолаушының қойын дәптері, ассоциация, кластер, семантикалық карта, қос жазба күнделігі. Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда: ЖИГСО – 1, аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, хат жазу, дөңгелек стол, болжау, оқырман жауабы, жазба конференциясы, бірлесе жазған әңгіме, сауалнама т.с.с. стратегияларды қолданудың тиімділігі анықталды.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жаңа технологияларды қажет етеді. Оны пайдалана отырып, біз жас ұрпақтың қалай да білімді, келешегі жарқын болуына әсерін тигіземіз. Баланың өз бетімен оқып үйренуіне, кез келген жұмысты өздігінен жауапкершілікпен атқара алуына осы технологияның ықпалы да пайдасы да зор деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |