Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


ГАЖ бағдарламасымен жабдықталған компьютерлік сыныптағы



Pdf көрінісі
бет33/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
ГАЖ бағдарламасымен жабдықталған компьютерлік сыныптағы 
орындалатын практикалық жұмыстар
1. Тақырыбы: «Қалалар дамуының негізгі тарихи кезеңдері» 
Мақсаты: Урбанист мамандардың қалалар дамуына қатысты ой-
тұжырымдарын саралай отырып, деректер базасын құру. Ірі қалалардың 
географиялық орталықтар ретінде туындау себептерін түсіндіру. Ежелгі дүние, 
Орта ғасырлар және Жаңа әлем қалаларының арасындағы негізгі ерекшеліктер 
мен байланыстарды түсіндіру.
1-тапсырма: Қалалар географиясы қалыптасуының негізгі тарихи 
кезеңдеріне талдау жасау. Батыс теоретик ғалымдарының (Ле Корбьюзе, 
Доксиадис, Сааринен т.б.) қала құрылысы туралы идеялары. Қалалар жүйесін 
математикалық үлгілеу идеясын ұсынған ғалымдардың (Кристаллер, Леш, 
Стюарт, Ципф) еңбектеріне талдау жасау. Урбандалу географиясы бойынша 
қазіргі заман зерттеушілерінің жұмыстарымен танысу. АҚШ, Франция, 
Швеция, Қытай ғалымдарының (Жорж, Боже-Гарнье, Готтман, Ульман, Гаррис, 
Фанг, Мао, Мерфи, Александерсон, Хагерстранд және т.б.) еңбектерімен 
танысу.
2-тапсырма: Ежелгі дүние, Орта ғасырлар мен Жаңа әлемнің ірі 
қалаларының картасын құрастыру. Дәріс материалдарын және қосымша дерек 
көздерін пайдалана отырып, дүние жүзінің электронды картасына ArcGIS 9.3 
бағдарламасы арқылы ежелгі, орта және жаңа әлемдегі ірі қалаларды түсіру. Әр 
дәуірдің ірі қалалары картада түстермен айырмашылық жасауы тиіс. Мысалы, 
көк түс – Ежелгі дүние, қызыл түс – Орта ғасырлар, жасыл түс – Жаңа әлем. 
Карта әлемдік урбандалудың тарихы мен жаңа заман трендтері мазмұнына 
негізделуі тиіс.
2. Тақырыбы: «Әлемдік урбандалу: негізгі түсініктер, тенденциялар және 
болашағы» 
Мақсаты: Әлемдегі қала халқының өзгерісіне тарихи-географиялық баға 
беру. Дамушы және дамыған елдердегі басты айырмашылықтарды түсіндіру. 
Урбандалу үрдісіне әсер ететін факторлар тобын анықтау, кешенді бағалау. 
Құрлықтар бойынша ең жоғарғы және ең төменгі урбандалған аумақтарды 
анықтау, себебін түсіндіру.
1-тапсырма: Open Office Calc мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 1800-2020 
ж.ж. әлем және қала халқының динамикасын бейнелеу. Гистограмманың 


69 
бірінші көк түсті бағанында әлем халқының арту динамикасы бейнеленсе, 
екінші қызыл түсті бағанда қала халқының динамикасы беріледі.
2-тапсырма: 1950-2000 ж.ж. дамыған және дамушы елдердегі қала 
халқының динамикасын бейнелеу. Бір бағанда дамыған елдер, екінші бағанда 
дамуышы елдердің нәтижесі беріледі.
3-тапсырма: Шеңбер типтегі диграммаға құрлықтар бойынша урбандалу 
көрсеткіштерін бейнелеу.
3. Тақырыбы: «Агломерациялық қоныстану. Мегалополис». 
Мақсаты: Агломерациялардың кеңістіктік орналасуын (бірорталық және 
көпорталық) түсіндіру. Карта-сызбалардағы қалалар шоғырының ең жоғары 
және ең төменгі аудандары. Себебін түсіндіру.
1-тапсырма: Қалалардың кеңістіктік топтасуы, яғни агломерациялар 
туралы ғалымдар ой-тұжырымдарының дамуы. Доксиадис, Кавашима, Готтман, 
Лаппо, Бертинелли және т.б. ғалымдардың тұжырымдарын талдау.
2-тапсырма: ArcGIS 9.3 бағдарламасында әлемдегі ірі қалаларды, яғни 
агломерация орталықтарын белгілеу, оларды халқының саны бойынша 
рангтерге жіктеу. Осы әдістеме негізінде келесідей карта-сызбалар құрастыру: 
«Азия және Аустралияның ірі қалалары», «Еуропа, Африка және Таяу 
шығыстың ірі қалалары» және «Американың ірі қалалары». Нәтижелерді JPEG 
форматына экспорттау.
4. Тақырыбы: «Қалалардың әлемдік даму тенденциялары». 
Мақсаты: Ғаламдық және аймақтық маңызы бар ірі қалалардың мамандану 
секторымен танысу. Басты ерекшеліктерін түсіндіру. Аймақтар бойынша ірі 
қалалардың ЖӨӨ-дегі үлесін анықтау. Мысалы, Алматы қ., Қазақстанның 
ЖӨӨ-дегі үлесі 20,9%.
1-тапсырма: БҰҰ жанындағы Әлеуметтік және экономикалық мәселелер 
департаментінің Әлемдегі урбандалу үрдісі бойынша жариялаған қорытынды 
есептерін (2015-2017 жылдардағы) негізге ала отырып, қалалардың әлемдік 
даму тенденцияларына баға беру.
5. Тақырыбы: «Қазақ жеріндегі урбандалудың тарихи кезеңдері». 
Мақсаты: Қазақ жеріндегі орта ғасыр қалаларының экономикалық-
географиялық орналасуын түсіндіру. Индустрияландыру және Тәуелсіздік 
жылдардағы урбандалу көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасау.
1-тапсырма: Статистикалық мәліметтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға 
жауап беріңіз: 
Қазақстандағы қала және ауыл халқы (1959-2017 ж.ж. (%-бен ) 
№ 
Халықтың жалпы 
саны (%-бен) 
1959 
1970 
1979 
1989 
1999 
2009 
2017 

Барлық халық 
100 
100 
100 
100 
100 
100 
100 

Қала халқы 
44,5 
50,9 
54,3 
57,1 
56,4 
54,1 
57,4 

Ауыл халқы 
55,5 
49,1 
45,7 
42,9 
43,6 
45,9 
42,6 


70 
Қазақстанда қай жылдары урбандалу қарқынды болды? Тоқырау 
жылдарында не себепті ауыл халқы қалаға көшті? Урбандалу үдерісі 
Қазақстанды қалай өзгертті? 
6. Тақырыбы: «Қазақстандағы урбандалу: жағдайы, мәселелері, 
болашағы». 
Мақсаты: Қазақстан өңірлері бойынша урбандалу деңгейіне шолу жасау. 
Қалаларды халқының санына және функциясына байланысты типтерге бөлу. 
Өңірлер дамуының экономикалық өсу орталықтарын анықтау.
1-тапсырма: Қазақстандық урбанист ғалымдардың еңбектерін негізге ала 
отырып, урбандалу көрсеткіштеріне талдау жасау. Еліміздегі еңбек бөлінісінде 
қалалардың рөлін анықтау. Қалаларды типтері бойынша жіктеп, «Қазақстан 
қалалары» ақпараттық картасын құрастыру. Картада қалалар халқының саны 
бойынша өзіндік белгілерімен ерекшеніп, деректер базасы (ДБ) құрылуы тиіс.
7. Тақырыбы: «Шағын және моноқалалар: қалыптасу кезеңдері, түйткілді 
мәселелері, тиімді шешімдер». 
Мақсаты: Моноқалалардың көпсалалы экономикасы бар қалалардан 
айырмашылығын түсіндіру. Қалыптасу кезеңдерін анықтай отырып, әлемдік 
және отандық тәжірибедегі бірбейінді қалаларды тұрақты дамытуға қатысты 
тиімді шешімдерді талдау.
1-тапсырма: Ғалымдар еңбектеріндегі моноқала ұғымының теориялық 
мәселелерін талдау. Негізгі ой-тұжырымдарын кестеге толтыру. 
2-тапсырма: Моноқалаларды тұрақты дамытудың озық үлгілерін зерделеу. 
Дамыған және дамушы елдердегі тәжірибелерді салыстырмалы талдау.
3-тапсырма: Еліміздің бір моноқаласын мысалға ала отырып, әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту іс-шаралары кешенін және табиғи-экологиялық 
каркасын құрастырудың үлгісін жасау. 
8. Тақырыбы: «Қалалар микрогеографиясы. Жобалаудың негіздері». 
Мақсаты: Қалалардың экономикалық-географиялық жағдайының қала 
дамуындағы рөлі: байланыстар және ерекшеліктер. Қала аумағын құрылымдық 
зоналарға жіктеу. Қала аумағын ландшафттық жоспарлау.
 
1-тапсырма: 
Экономикалық-географиялық 
жағдайдың 
өнеркәсіпті 
орналастыруға тигізер әсеріне тоқталыңдар.
2-тапсырма: Қала құраушы функцияларды анықтау. Функционалдық 
зоналарға түсініктеме беріп, мысалдар келтіріңдер.
3-тапсырма: Еліміздің көпсалалы маманданған бір қаласын мысалға ала 
отырып, қала аумағынан келесідей функционалдық зона түрлерін анықтау: 
тұрғын 
үйлер, 
қоғамдық-іскерлік, 
өндірістік, 
ауыл 
шаруашылығы, 
рекреациялық және ерекше қорғалатын аумақтар. Зоналардың кеңістіктік 
орналасуының тиімді және тиімсіз тұстарын түсіндіру.
9. Тақырыбы: «Қалалар дамуының теориялық негіздері. Болашақтың 
қалалары (Future Cities)». 


71 
Мақсаты: Қалалардың экономикалық-географиялық жағдайының қала 
дамуындағы рөлі: байланыстар және ерекшеліктер. Қала аумағын құрылымдық 
зоналарға жіктеу. Қала аумағын ландшафттық жоспарлау.
 
1-тапсырма: XXI ғасырдағы урбандалу туралы идеялардың дамуы. Таңдау 
қалалары мысалында қалалардың тұрақты дамуының көпфакторлы моделін 
құрастыру. Заманауи жағдайына талдау жасай отырып, даму бағыттарын 
анықтау.
2-тапсырма: Экоқала (Ecocity), Ақылды қала (Smart city), Сандық қала 
(Digital city), Жайлы қала (
Liveable city
) қалыптастырудың және дамытудың 
негізгі 
ұстанымдары. 
Әлемдік 
тәжірибеден 
мысалдар 
келтіру, 
артықшылықтарын талдау. 
3-тапсырма: Жаһандық қалалар тобы – әлемдегі жаһанданудың және 
экономиканың орталығы ретінде. Ақпараттық қоғам және қалалар. 
Трансұлттық қалалық жүйелер. Батыс және Шығыс қалалары: ортақ мәселелер 
және ерекшеліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет