Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


«Геоурбандалу» курсы бойынша реферат тақырыптары



Pdf көрінісі
бет36/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
 
«Геоурбандалу» курсы бойынша реферат тақырыптары 
1.
Антикалық кезеңдегі қалалар құрылысы. Ерекшеліктері, даму 
кезеңдері, архитектуралық ескерткіштері.
2.
Орта ғасырлардағы Еуропа қалалары: құрылыс ерекшеліктері, 
микрогеографиясы 
3.
Жаңа дәуірдегі Еуропа қалалары: архитектуралық келбеті және даму 
басымдықтары. 
4.
Солтүстік Америкадағы урбандалудың ерекшеліктері.
5.
Азия және Аустралиядағы урбандалу: ерекшеліктері , салыстырмалы 
талдау.
6.
Африкадағы урбандалудың ерекшеліктері. Экономикалық өсу 
орталықтары. 
7.
Латын Америкасындағы урбандалудың ерекшеліктері.
8.
Орта ғасырлардағы араб әлемінің орталықтары: Бағдад, Пальмира, 
Дамаск және т.б.
9.
Қытай қалаларының дамуы: Экономикалық-географиялық орналасуы 
және Пекин мен Шанхай қалаларының даму ерекшеліктері. 
10.
Қазақстандағы урбандалу: тарихы, заманауи жағдайы, болашақ 
көрінісі.
11.
Қазақстан қалалары: географиялық орналасуы, экономикадағы үлесі, 
жоспары.
12.
Қазақстан қалалары дамуындағы стратегиялық ресурстар рөлі. 


75 
13.
Бірбейінді қалалардың дамуы: әлемдік және отандық тәжірибелер. 
14.
Постиндустриялық кезеңдегі қалалар рөлі. Болашақтың қалалары.
15.
XXI ғасырдағы қалалар дамуының теориялық негіздері. 
 
«Геоурбандалу» курсы бойынша ұсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.
Лаппо Г.М. География городов / Лаппо Г.М. – М.: Гуманитар. изд. 
центр «Владос», 1997. 479 с. 
2.
Пивоваров Ю.Л. Основы геоурбанистики / Пивоваров Ю.Л. – М.: 
Гуманитар. изд. центр «Владос», 1999. 231 с. 
3.
Лэндри Ч. Креативный город. М., 2005. 
4.
«Эволюционная урбанистика Казахстана XX и XXI веков: 
картографическое и сетевое моделирование, социально-демографическая 
динамика, экологическая история». Авторский коллектив: И.А. Яшков, А.В. 
Иванов, А.О. Багаутдинова, Т.Н. Виноградова, М.В. Горемыко, О.В. Кольцова, 
В.В. Макаров А.Е. Храмов, А.К. Шардако. – Москва: Университетская книга, 
2017. 216 с. 
5.
Каймулдинова К.Д., Бейкитова А.Н. Қалалар географиясы. – Алматы: 
Абай ат. ҚазҰПУ, Ұлағат баспасы. 2014. – 80 б. 
 
Қосымша әдебиеттер 
1.
Перцик Е.Н. Города мира. География мировой урбанизации. – М. 
Издательство: «Международные отношения», 1999. 384 с. 
2.
Хорев Б.С. Проблемы городов . – М., 1975. 428 с. 
3.
Ионина Н.А. Сто великих городов мира. – М.: изд. «Вече 2000», 2003. 
4.
Семенов В. Т., Штомпель Н. Э. Устойчивое развитие мегаполисов. 
Урбанистические аспекты: монография /; Харьк. нац. ун-т гор. хоз-ва им. А. Н. 
Бекетова. – Х.: ХНУГХ, 2014. – 339 с.: ил. 
5.
Нұрланова Н.Қ., Гайсина С.Н., Мелдеханова М.Қ., Берішев С.Х., 
Бірімбетова Н.Ж., Киреева А.А. Қазақстандағы моноқалаларды әлеуметтік-
экономикалық дамытудың негізгі мәселелері - Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика 
институты, 2012. - 156 б. 
6.
Слука Н.А. Градоцентрическая модель мирового хозяйства. – М.: 
Прогресс- Соло, 2005. – 168 с. 
7.
Тетиор А.Н. Устойчивое развитие города. – М.: Комитет по 
телекоммуникациям и СМИ Правительства Москвы, 1999. – 323 c. 
8.
Hall, P. G., & Pfeiffer, U. Urban future 21: a global agenda for twenty-first 
century cities. Taylor & Francis, Abingdon, 2000. 
9.
Sassen, S. The Global City: New York, London, Tokyo. Princeton: 
Princeton University Press, 2001. 
10.
 
United Nations, Department of Economic and Social Affairs, Population 
Division. World Urbanization Prospects, the 2015, 2016, 2017 Revision. Population 
of urban agglomerations with 750,000 inhabitants or more, 1950-2025. 
11.
Demographia World Urban Areas (World Agglomerations). 8
th
Annual 
Edition: Version 2. July 2012. http://www.demographia.com/db-worldua.pdf 


76 
12.
Трейвиш А. От Персеполиса до Франкфурта: постиндустриальная 
экономика и мировые города //http://www.ng.ru 
 
Жалпы, «Геоурбандалу» курсы бойынша географиядан танымдық білімді 
тереңдету мақсатында білім беру үрдісін әдістемелік жағынан бірнеше кезеңге 
бөліп қарастыруға болады: 
Бірінші кезең
– пәнге қатысты географиялық ұғымдардың ғылыми негізін, 
басты қағидаларын еске сақтау, оны бекіту және оны күнделікті сабақ 
барысында қолдана білуге бағыттау мақсатын жүзеге асырады. Бұл кезеңде 
географияны оқытудың түсіндірмелі-көрнекілік әдісі кеңінен қолданылады. 
Екінші кезең
– географиялық ұғымның ауқымын кеңейту және мазмұнын 
тереңдетуге бағытталады. Бұл кезеңде географияны оқытудың репродуктивті 
әдісінің көмегіне сүйену тиімді нәтиже береді.
Үшінші кезеңде
– бұрыннан таныс географиялық ұғымдардың әрбір 
урбандалған аумақта көрініс беру сипатын анықтау арқылы олардың әсер ету 
дәрежелерінің түрліше екендігіне көз жеткізеді. Бұл кезеңде жеке тапсырмалар 
орындау арқылы іздену бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылады. 
Қорытынды кезеңде
– әрбір студент осыған дейінгі кезеңде өзіндік ізденіс 
нәтижесінде жинақтаған білім жүйесіне негізделе отырып, қорытынды пікір 
жасауға әрекеттенеді.
Осы үш кезең деңгейінде жүргізілетін танымдық іс-әрекеттер жүйесін 
қалалар географиясы облысындағы нақты мысалдар арқылы көрнекті түрде 
көрсетуге болады:
Бірінші кезеңде
қалалардың заманауи жағдайын талдау барысындағы 
экономикасын әртараптандыру мәселелері туралы, олардың экономикасының 
бірбейінді және көпбейінді болуының жағымды және жағымсыз әсерлері, қала 
дамуын шектейтін және алға жылжытатын факторлардың әсер ету мүмкіндігі 
нақты сипатталатын болса, 
екінші кезеңде
қалалардың экономикасын 
әртараптандырудағы шет елдердің үздік нәтижелерін зерттеу, тиімді тұстарын 
тәжірибе жүзінде пайдалану мәселелері қарастырылады, 
үшінші кезеңде
әрбір 
студентке жеке тапсырмалар беру арқылы экономиканы әртараптандыру 
нәтижесінің жетістіктері салыстырмалы талдаулар арқылы орындалады.
Қорытынды кезеңде
жалпы қалалардың экономикасын әртараптандыру іс-
шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы көпбейінді экономика құрудың 
тиімділігіне көз жеткізеді. Яғни, нақты қорытынды шығаруға ақпараттарды 
салыстырмалы талдау әдісі көмектеседі.
Қорыта айтқанда, «Геоурбандалу» пәні курсын оқып-үйрену барысында, 
қамтылатын білім шеңбері өте кең. Мысалы, сабақта қай тақырыпқа болмасын 
ғылыми-теориялық әдебиеттер, оқу-әдістемелік құралдар, көрнекіліктер, бейне 
таспалар пайдалануға, экскурсиялар ұйымдастыруға болады. Қалалар 
географиясының кеңістіктік мәселелерін оқытуға арналған бұл пән, әрбір 
оқытушының алдына үлкен жауапкершілік жүктейді. Яғни, пәнді жүйелі 
оқытуда географиялық білімнің бірнеше түрін қамтыған дұрыс. Атап айтқанда, 
қалалардың әлеуметтік-экономикалық (демография, экономика, экология және 


77 
т.б.) негіздерінен бөлек, тарихи, физикалық географиялық, ономастикалық, 
картографиялық, номенклатуралық білімдер 

105, б.9 – 106, р. 28

.
Сонымен қатар, пәнді игеруде экскурсиялар ұйымдастыру өте тиімді. 
Экскурсиялар білімге деген ынтаны күшейтеді, жастардың білім алу 
жолындағы ықыласын арттырады, оқудың өмірмен байланысын нығайтады. 
Қандай да болмасын оқу орындарында өтілетін пәндер бағдарламаларға сәйкес 
экскурсия сабақтармен ұштастырылып отырса: пәнге деген қызығушылық 
артып, көрсету мен түсіндірудің арқасында материалды қабылдау мен есте 
сақтау дәрежесі жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет