Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


Моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда



Pdf көрінісі
бет37/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
 
2.2 Моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда 
оқытуды ұйымдастыру 
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі 
заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі 
білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды 
алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін 
көздейді 

64

.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Орта білім беру 
жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке 
адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени 
өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне 
саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген [107]. Осы тұрғыдан 
келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы 
орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім 
беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп 
қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз. 
Қазіргі заманғы әлемде білім беру тұрақты болашаққа негізделген 
динамикалық әлеуметтік ортада өзін-өзі табысты жүзеге асыру үшін ойын 
дамытуға ықпал ететін, білім алушылардан терең теориялық білімді ғана емес, 
сонымен қатар шығармашылықты да талап етеді. Ол әлеуметтік-экономикалық 
қоғам өмірінің барлық салаларындағы өзгерістерді түбегейлі қамтиды және 
мектептің алдына білім берудің «білімге бағдарланған» тәсілінен «тұлғаға 
бағдарланған» тәсілге көшу мәселелерін қояды 

108, б.148

. Осыған 
байланысты, қазіргі заманғы мектепте білім берудің негізгі міндеттерінің бірі, 
жаңаша ойлау ғылыми-зерттеу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру болып 
табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқу үдерісінде көбірек 
шығармашылық элементтерін қолдану қажет. Яғни, шығармашылық таным 
үрдісінде өз бетінше ғылыми-зерттеу ізденістерінің түрлері қамтылуы тиіс. 
Шығармашылықты зерттеу ізденістері кез-келген мамандықтың ажырамас 
бөлігіне айналып отыр. Осыған байланысты оқушыны ғылыми-зерттеу іс-
әрекеттеріне баулу, оларды зерттеушілік білік пен дағдыға үйрету заманауи 
білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Міндетті пәндер 
шеңберінде және сабақтан тыс уақытта оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру 
үшін 
педагогикалық 
алғышарт 
жасау 
Қазақстан 


78 
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында 
көрсетілген негізгі талаптардың бірі болып табылады [109].
Еліміздің кез-келген қаласын, соның ішінде біздің зерттеуімізге негіз 
болған Текелі мен Жезқазған моноқалаларын кешенді оқып үйрену елді-
мекеннің тарихы, табиғаты, әлеуметтік-экономикалық жағдайы (халқы, 
демографиясы, шаруашылық салалары, мәдени өмірі), қоршаған орта жағдайы 
секілді кең ауқымды мәселелерін қамтиды. Туған өлкені жан-жақты оқып 
үйрену, 23-суретте жүйеленген кешенді мазмұндық блоктардан тұрады:
Сурет 23 ˗ Урбандалған аумақтарды мектеп географиясында
оқытудың мазмұны
Аталған мазмұндық блоктың негізгі бағыты Елбасының «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Прагматизм», «Туған 
жер» ұғымдарымен де сәйкеседі 

110, б.1

. Яғни, оқушыларға сабақтан тыс 
уақыттарда өзінің туған жері туралы мағлұматтар беріп, тұлға ретінде дамуына 
жағдай жасау. Мұны біз факультативтік сабақтар арқылы жүзеге асыру қажет 
деп таптық. 
Факультативтік сабақтағы оқушылардың іс-әрекеттері ғылыми ізденіс 
біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларды ғылыми-зерттеу 
іс-әрекеттеріне тарту арқылы олардың қоршаған ортасын танып білудегі 
шығармашылық танымдылығы жүзеге асады. Ғылыми-зерттеу біліктерін 
дамыту үшін оқу үдерісін оқушылардың өз бетінше ғылыми ізденіс жасауына, 
жобалық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруға негіздеу қажет. Сонда 
мұғалім мен оқушының байланысы сабақтастықта дамитын болады. Осы ретте, 
моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет