Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет47/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
№ 
Элементтер және 
олардың топтары 
Құрамы 
Қаланың табиғи-
экологиялық каркасы 
Негізгі элементтер тобы 

Базалық 
элементтер 
Құнды табиғи-аумақтық 
кешендер (қорғалатын 
аумақтар, табиғат 
ескерткіштері); ірі батпақты, 
бұталы аумақтар 
Кеңгір бөгені 

Жетекші 
элементтер 
Табиғи қалпын сақтап қалған 
байырғы орман алқаптары; 
құнды сулы-батпақты кешендер 
Ерекше немесе сол жерге тән 
табиғи объектілер 
Жезқазған ботаникалық бағы; 
Қара Кеңгір өзені 

Транзиттік 
элементтер 
Жол бойының орман 
жолақтары 
Қала көшелері (Алаша хан, 
Абай, С.Сейфуллин, Қ.И. 
Сәтбаев, Ұлытау т.т.) мен 
темір жолының бойы 
Жанама (қосымша) элементтер тобы 

Жергілікті 
элементтер 
Елді мекендердің жасыл 
желекті аудандары; 
қорғалатын жергілікті табиғат 
ескерткіштері 
Рекреациялық нысандар: 
Жастар және Наурыз 
саябақтары; Ғарышкерлер 
бульвары; Металлург 
стадионы аумағындағы 
саябақ 

Буферлік 
элементтер 
Санитарлық-қорғаушы зоналар 
Өнеркәсіптік зона мен 
тұрғын үйлер аралығында 
санитарлық қорғау аймағы 


90 
7-кестенің жалғасы 

Реабилитациялық 
элементтер 
Рекультивацияланған қалдық 
қоймалары; 
табиғи құндылығы жойылған 
геожүйелер аумағы 
Қала маңындағы жарамсыз 
жерлер (бедлендтер): 
өнеркәсіптік қалдық 
қоймалары, қатты қалдық 
шығарындылары аумағы; 
антропогендік өзгерген 
аумақтар 
Базалық элементтер
аумақтың табиғи ортасын түзуші қызмет атқарады, 
яғни су реттеуші, топырақ қорғаушы функциялары арқылы кешеннің сапалық 
параметрлерін (биотаның өсімі, генофонд сақтау және т.б.) сақтайды. Олардың 
қатарына ғалымдар бағалы табиғи-аумақтық кешендерді жатқызады. Жезқазған 
қаласы жағдайында базалық элементтерге Кеңгір бөгені аумағын, бұталы-
батпақты жағалауларын және солтүстігіндегі шаруашылыққа жарамды 
жерлерді жатқызуға болады.
Жетекші элементтер
өзінің айрықша экологиялық бірлестіктерін сақтап 
қалған аумақтар болып табылады, бұл бірлестіктерді «экологиялық 
белсенділіктің» қайнар көзі деуге болады. Бұл элементтер қала аумақтары 
жағдайында табиғи-антропогендік кешендердің сақталуына негіз болып, 
аудан шеңберінде биологиялық алуантүрлілікті сақтайды. Қара Кеңгір өзені, 
оның жағалауларындағы табиғи қалпын сақтап қалған Жезқазған 
ботаникалық бағы жетекші элементтер қызметін атқарады.
Транзиттік элементтер
табиғи-экологиялық каркастың базалық және 
жетекші элементтері арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Олар 
ағындарды, жануарлар миграциясын, өсімдік формацияларының таралуын 
жүзеге асыру арқылы базалық және жетекші элементтерді «байытады». 
Байланыстырушы қызмет атқаратын бұл элементтерді қаланың басты 
көшелеріне (Алаша хан, Абай, С.Сейфуллин, Қ.И. Сәтбаев, Ұлытау т.т.) және 
темір жолы бойлай орналастырған тиімді.
Жергілікті элементтер
қатарына қорғалатын табиғи мұра нысандары, 
жасыл желекті рекреациялық аудандар енеді, олар эстетикалық, шаруашылық 
және әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл элементтердің негізін қалада 
орналасқан Жастар және Наурыз саябақтары, Ғарышкерлер бульвары мен 
Металлург стадионы маңындағы жасыл желекті аудандар құрайды. 
Буферлік элементтер 
базалық және транзиттік элементтерді сыртқы 
ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайды. Сондықтан оларға қорғалатын 
зоналар мәртебесі беріледі. Қалада қалыптасқан экологиялық жағымсыз 
әсерлердің шешімі ретінде буферлік элементтерді орналастыру өте тиімді. 
Себебі, қаланы шығыс-оңтүстік-батыс бағытта қоршай орналасқан 
өнеркәсіптік ауданнан шығарылған ластаушы заттар жел бағытының әсерінен 
тұрғын үйлер зонасына еркін өтуде. Яғни, өнеркәсіп пен тұрғын үйлер 
зоналары аралығында санитарлық қорғау аймағының болмауы және жел 
бағытының да өнеркәсіптік аудан аумағынан соғуы, қалалық қоршаған орта 
жағдайын шиеленістіреді. Сол себепті, аталған зоналар аралығына буферлік 


91 
элементтерді орналастыру қажет. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлер орналасқан 
ауданға қарай шығарылған лас заттар көлемінің азаюына негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет