Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет50/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
Жанама (қосымша) элементтер тобы 

Жергілікті 
элементтер 
Елді мекендердің жасыл 
желекті аудандары; 
қорғалатын жергілікті табиғат 
ескерткіштері 
Рекреациялық нысандар: 
Қалалық саябақ; Қайыңды 
тоғай; Қала орталығы 
аумағындағы саябақ 

Буферлік 
элементтер 
Санитарлық-қорғаушы зоналар 
Өнеркәсіптік зона мен 
тұрғын үйлер аралығында 
санитарлық қорғау аймағы 

Реабилитациялық 
элементтер 
Рекультивацияланған қалдық 
қоймалары; 
табиғи құндылығы жойылған 
геожүйелер аумағы 
Қала маңындағы жарамсыз 
жерлер (бедлендтер): 
өнеркәсіптік қалдық 
қоймалары, қатты қалдық 
шығарындылары аумағы; 
антропогендік өзгерген 
аумақтар 
Табиғи-экологиялық каркас элементтерінің базалық негізі ретінде қаланың 
солтүстік және оңтүстік бөлігіндегі таулы аудандардағы табиғи орманды, 
бұталы аумақтар алынды. 
Жетекші элементтерге Қаратал, Шыжы, Текелі, Қора өзендері 
жағалауларындағы ірі тоғайлы жерлер, өзендер аралығындағы ірі орман 
жолақтары негіз болады (28-сурет).
Транзиттік элементтерге темір жолы, автомобиль жолдары бойындағы 
«жасыл» байланыстырушы жолақтар алынса, қаладағы демалыс саябақтары, 
қала ішіндегі ақ қайыңды, тал-теректі демалыс орындары жергілікті 
элементтерді қалыптастырады. 
Өнеркәсіптік аудандардан шығарылатын ластауыштардың тұрғын үйлер 
аумағына таралуын шектеу мақсатында 
буферлік зона
элементтерін (жасыл 
қорғау аймағы) орналастыру қажет. Қалалық қоршаған ортаның негізгі 
ластаушы көздері орналасқан аумаққа (батыс және оңтүстік-шығыс) буферлік 


97 
зона элементтерін орналастыру арқылы Текелінің «қала-бақ» ретінде дамуына 
мүмкіндік беруге болады.
Сурет 28 - Текелі қаласы табиғи-экологиялық каркасының жобалық үлгісі 
Реабилитациялық элементтер. Текелі қаласы жағдайында қорғасын-
мырыш 
комбинатының 
қалдық 
қоймасы 
басты 
мәселе 
ретінде 
қарастырылады. Қоршаған ортаға және жергілікті тұрғындар денсаулығына 
жағымсыз әсер етіп отырған бұл қалдық қойма рекультивациялау 
жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Техникалық және биологиялық 
рекультивациялау жұмыстарын жүргізу арқылы аумақты ландшафттық парк 
ретінде дамытуға болады. Бұл табиғи және мәдени орман қорының артуына, 
шығарылған жыныстардың үйінділерін (террикондар) игеруге, жарамсыз 
жерлерді қалпына келтіруге негіз болады.
Табиғи-экологиялық каркасты үлгілеу аумақтық жоспарлаудың аясында 
табиғи және табиғи-антропогендік жүйелердің біртұтастығы мен иерархиясын 
сақтау мақсатында жүргізілуі қажет. Жобалық үлгідегі табиғи-экологиялық 
каркастың үздіксіз сипаты «қала-табиғат» жүйесінде энергия мен зат 
ағындарының кедергісіз айналымға түсуін қамтамасыз етеді және осы арқылы 


98 
қаланың табиғи ортаға үйлесімді енуіне жағдай жасайды. Үздіксіз сипаттағы 
табиғи каркаста тіршілік иелері еркін қозғалысқа түседі, ал оның элементтері 
қалалық ортаға таза ауаның келіп, керісінше одан ластағыштардың әкетілуін 
қамтамасыз етеді. Яғни, аумақтық жоспарлау барысында әртүрлі жобалық 
шешімдердің (көліктік, өндірістік, инженерлік, функциялық) өзара үйлесуі осы 
каркас негізінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет