Науқасқа нұсқау: «Таңертең, ашқарынға, жөтел алдында, тісті жуып, ауызды сумен шайғаннан кейін бірнеше рет ыдысқа қақырықты түкіріңіз де, ыдысты тез арада мейірбикеге беріңіз».
ЕСКЕРТУ: Атипиялық жасушалар тез бұзылады,сондықтан қақырықты жедел зертханаға жіберу керек.
Қақырықты туберкулез микобактериясына жинау Мақсаты: зерттеуге қақырық алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Таза,құрғақ шыны ыдыс,жолдама
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Ауру тарихынан (дәрігердің тағайындау парағы) тағайындауға таңдау жүргізіп , зертханалық және аспаптық әдіс зерттеулерінің негіздерін журналға тіркеу.
2. Зертханалық ыдыс дайындау.
3. Жолдама жазып,оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекіту.
4. Кешке науқасқа түсіндіріп, дайын ыдысты беру.
5. Таңғы сағат 8.30 – да қақырық жиналған ыдысты зерттеуге клиникалық зертханаға жеткізу керек.
6. Алынған мәліметтерді келесі күні ауру тарихына жабыстыру