|
Науқасты каталкамен тасымалдау
|
бет | 28/216 | Дата | 15.04.2022 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #139423 |
| Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. ХНауқасты каталкамен тасымалдау
Мақсаты: Өздігінен жүре алмайтын науқастарды тасымалдау.
Көрсетім: тірек-қозғалыс аппаратының аурулары, науқастың жағдайы.
Жабдықтар: каталка. Үшеулеп орындау қолайлы.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Каталканы кушеткаға көлденең қойыңыз – каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына.
Үшеуі де науқастың бір жағында тұрады:
-біреуі - науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады;
- екіншісі - жамбас пен санның жоғарғы жағынан;
-үшіншісі - санның орта жағынан және балтырынан;
Науқасты көтеріп, каталкаға 90° жағына айналыңыз.
Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабыңыз.
Бөлімшеге халі нашар науқас жіберілгені туралы хабарлаңыз.
Науқасты, оның медициналық картасын емдеу бөлімшесіне медициналық қызметкерімен шығарып салғанда жіберіңіз.
Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз, науқасты үшеулеп көтеріп 90° айналып, төсекке жатқызыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|