Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу



бет13/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
Мақсаты: қолдың деконтоминациясы гигиеналық деңгейде өтілуін қамтамасыз ету.
Көрсетім:

  • қолғапты киер алдында немесе шешкеннен кейін;

  • ағзаның биологиялық сұйықтықтарымен жанасып, микробпен ластанған жағдайда;

  • иммунитеті әлсіреген науқасқа күтім көрсетер алдында;

  • инвазиялық емшаралар алдынан және кейін;

  • жарақат күтімі алдынан және кейін;



Жабдықтар:

  • сұйық сабын немесе шаруашылық сабыны,

  • секундтық тілі бар сағат,

  • жылы ағынды су,

  • залалсыздандырылған қысқаш, мақта, қол-сүлгі,

  • антисептикалық ерітінді

Міндетті шарт: қолдың терісінің сау болуы шарт
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Саусақтардан сақиналарды шешу;

  2. Халаттың жеңдерін шынтаққа білектің 2/3 дейінгі бөлігіне дейін түріп, сағатты шешу керек.

  3. Шүмекті ашу қажет. (ағынды судың температурасы 35°С-40°С)

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолды сабынмен ағынды суға 10 секунд бойы білектің 2/3 дейінгі бөлігіне жеткізіп, саусақ аралықтарын қоса жуу керек (Қолдың үстін өңдегенде «тазадан ласқа дейін» принципін сақтай отырып, саусақ деконтоминациясының ең жоғарғы сатысын қамтамасыз ету.)

  2. Қолды жууды осылайша тағы 5-6 рет қайталайды.

  3. Қолды ағынды судың астында сабын көбігі кеткенше мұқият шайқау қажет.

  4. Шүмекті оң немесе сол қолдың шынтағымен жабыңыз.

  5. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

Шынтақтық шүмек болмаған жағдайда шүмекті қағаз сүлгімен жауып бұраңыз.
Ескерту: Қолды гигиеналық деңгейде өңдеуге қажетті жағдай болмаған кезде қолдарыңызды 3-5 мл антисептикалық ерітіндімен өңдеп, құрғағанша үйкеңіз.

  • Қолды өңдегеннен кейін сүртуге болмайды. Қолдар антисептикпен 15 сек кем емес дымқылданып тұруы қажет.

  • Қ олдың үстін өңдегенде «тазадан ласқа дейін» принципі сақталады. Жуылған қолмен басқа бір заттарды ұстауға болмайды.





2.Оң қолдың алақаны сол қолдың сыртын, ауыстыра отырып сол қолды

3.Алақанды алақанға, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақ аралықтарын



1.Алақанды алақанға





6. Сол қолдың алақанын оң қолдың басының саусақтарының ұшымен айналмалы қозғалыста уқалайды.


5.Бас бармақты алақанмен кезектестіре уқалайды.


4. Саусақтарды «кілт» тәрізді біріктіріп, бүгілген саусақтарды келесі қолдың алақанымен уқалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет