Науқасты ректороманоскопияға дайындау Мақсаты: науқасты сапалы тексеруге дайындықпен қамтамасыз ету.
Диагностикалық: тік ішек пен сигма тәрізді ішекті тексеру, тікішектен жұғынды, шырышты қабықтан ұлпа тілімін бактериологиялық және цитологиялық тексеруге алу.
Жабдықталуы:залалсыздандырылған: ректоскоп, салфеткалар, вазелин, шпатель, клеенка, Эсмарх кружкасы, су, шылапшын, алжапқыш, қолғап, дезерітіндісі бар сыйымдылық.. Ректороманоскопияны дәрігер жүргізеді, мейірбике көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқаспен емшараның мақсаты, өту барысы және зиянысыз екендігі туралы әңімелесіңіз. Тексеруді дәрігер өткізетіні туралы науқасқа айтыңыз.
Науқасқа таңертең сағат 6-да тазарту клизмасын жасаңыз (1,5 л су) және тексеруден 2 сағат бұрын. Тексеру алдында науқас денесін тік ұстаған қалыпта болуы қажет.