Назар аударыңыз! Әр үлес 20-30 минут ішінде шығады.
XIV. ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫ Қалі ауыр және жанталас үстіндегі науқастар күтімі Мақсаты: науқастың жағдайын жақсарту
Көрсетім:науқастардың жеке бас гигиенасын сақтау
Жабдықтар: шок, миокард инфаркті, көлемді қансырау, асфиксия (тыныс алу жолдарының бітелуі ), суға кеткенде, тұншығу кезінде, электр жарақаттар және т. б. жағдайлардағы ауыр қалдегі науқастың күтім заттары.
Терминалдық жағдай 3фазаға (кезең) бөлінеді:
Преагония
Агония
Клиникалық өлім
Ақтық жағдайлар Ағзаның өлу сатыларын (преагония, агония, клиникалық өлім) ақтық жағдай деп атайды. Ол түрлі патологиялық процестердің әсерінен, гомеостазды қолдап отыратын, мүшелер мен жүйелердің үйлесімді өмірлік-маңызды қызметтерінің бірден бұзылып, төмендеу салдарынан дамиды. Терминалдық жағдайларды шақыратын себептер әр түрлі болып келеді: ауыр біріккен жарақаттар, жіті қан кетулер, жоғары және төмен температураның әсері, электрожарақаттанулар, ауыр жіті интоксикациялар, жүрек-қан айналымының бұзылуы және т.б.
Өлудің клиникалық диагностикасы ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерін қамтитын патологиялық процестер тізбегімен көрсетілген (ми, жүрек, алмасу заттары және т.б.). Олар бір мүшеде ертерек, ал басқа мүшеде кешірек пайда болады.
Ақтық жағдай кезінде, оның себебіне қарамастан, ағза жалпы өзгерістерге ұшырайды.
Гипоксияға (қан мен ұлпаларда О2 -нің аз болуы) бас миының қабы өте сезімтал келеді. Сондықтан терминалдық жағдай кезінде ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің қызметтері бәрінен де ертерек (сөнеді) өшеді: адам есінен танады. Егер О2-мен ашығу 3-6 минуттан асса, онда ОЖЖ-нің бұл бөлігінің қызметін қалпына келтіру мүмкіншілігі болмайды.
Ми қабының өшу салдарынан, мидың қабығы астында да өзгерістер дамиды. Тыныс алу, қан айналу орталықтары орналасқан сопақша ми ең соңынан өледі. Бас миының қайтымсыз өлімі дамиды. Терминалдық жағдай кезіндегі үдемелі гипоксия және ми қызметтерінің бұзылуы жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуына әкеледі.
Преагониялық кезеңде жүректің насостық қызметі бірден төмендеп, жүректің қан айдау қызметі азаяды. Мүшелердің әсіресе, мидың қанмен қамтамасыздануының азаюы, қайтымсыз өзгерістердің дамуын жылдамдатады. Жүректің автоматизміне байланысты, ол ұзақ уақыт бойы жиырыла береді. Бірақ бұл жиырылулар әлсіз нәтижелі емес, пульс толымдылығы төмендейді, ол жіп тәріздес болады. АҚ бірден төмендеп, кейіннен анықталмайды. Сонымен жүректің жиырылу ырғағы бұзылып, жүрек қызметі тоқтайды.
Гипоксияға бауыр мен бүйректерде реакция береді. Ұзақ гипоксия кезінде оларда да қайтымсыз өзгерістер жүреді. Терминалдық жағдай кезінде ағзадағы зат алмасуларда да қосалқы ауытқулар байқалады. Олар тотығу процестерінің төмендеуімен байқалады. Ол ағзада органикалық қышқылдар (сүт және жүзімді) мен көмір қышқыл газының көптеп жиналуына әкеледі. Соның салдарынан ағзаның қышқылды-сілтілі тепе-теңдігі бұзылып, ацидоз дамиды (кышқылдық жағы басым болады).
Ағза клиникалық өлім жағдайынан шыққаннан кейін, ең алдымен жүрек қызметі, кейіннен өздігімен тыныс алу қызметі қалпына келеді, соңынан барып зат алмасу мен қышқылды -сілтілік жағдайдағы қомақты өзгерістер жойылғанда ғана, бас миының қызметі қалпына келуі мүмкін. Бас миы қызметінің қалпына келу кезеңі ұзағырақ жүреді. (Қысқа уақытты гипоксия мен клиникалық өлімнен кейін де). Қысқа уақытты гипоксия мен клиникалық өлімнен (1 минуттан аз) кейін де, есіне ұзаққа дейін келмеуі мүмкін.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
преагония немесе агония жағдайындағы науқастарды жалпы палатадан шығарып ширмамен оқшаулау немесе жансақтау бөліміне апару керек;
науқасты кереуетке жатқызғанда, кереуеттің екі жағынан да оған жақындау оңай болу керек;
жеке пост тағайындалу қажет
Тыныс алуы, пульсі, АҚ және есін қатаң бақылап отыру керек;
Науқастың күтімі бойынша (шприцтер, инелер, дәрі-дәрмектер міндетті түрде қасында тұруы қажет) дәрігердің тағайындауы мұқият орындалуы қажет;