Тетрапарез сипаттамасын анықтаңыз



Дата06.02.2022
өлшемі15,62 Kb.
#81929
Байланысты:
2 сит есеп ответ


1
Науқас барлық аяқ-қолдарының ауырсынуына, ұю сезімдігі,саусақта және табандарда құмырсқа жыбырлағандай сезімге, қолдардың және табанның әлсіздігіне шағымданады. Объективті тексеруде анықталған: табан мен саусақтарда «қолғап» және «шұлық»тәрізді барлық сезімталдықтың төмендеуі.Аяқ-қолдар нервтерінің басу симптомдары екі жақты әлсіз оң нәтижелі.Саусақтары мен табандарының майда бұлшықеттерінің гипотониясы және гипотрофиясы.Табандар салбырайды, жүру кезінде «степпаж» байқалады. Саусақтың жалпы күші 2-3 баллға төмендеген. Терең рефлекстер аяқ қолдарда төмендеген.

  1. Тетрапарез сипаттамасын анықтаңыз.

  2. Топикалық диагноз қойыңыз.

Полиневриттік синдром
2
Науқас аяқ салдануымен және зәрдің тежелуі себебінен стационарға жеткізілген. Науқасты көрген кезде табылды: кіндік деңгейінде және аяқта сезімталдықтың барлық түрінің толық жойылуы.Аяқ бұлшықетінің тонусы жоғарылаған.Тізе және ахиллов рефлекстері жоғары, табан клонусы екі жақты. Патологиялық экстензорлы рефлекстері екі аяқта да бірдей шақырылады.

    1. Салданудың сипаттамасын анықтаңыз.

    2. Қандай экстензорлы рефлекстерді білесіз?

    3. Топикалық диагноз қойыңыз.

жұлынның кеуде бөлiгiнде зақымдануы

3


Науқас ишемиялық инсультпен стационарға жеткізілді.Науқасты тексеру кезде анықталған:оң аяқ-қолының терең рефлекстерінің және бұлшықет тонусының жоғарылауымен бірге салдануы, бұлшықет трофикасы сақталған, оң жақ табанында Бабинский симптомы шақырылады,оң жақ аяқ-қолында сезімталдықтың барлық түрінің толық жойылуы.

  1. Салдану сипатын атаңыз.

  2. Топикалық диагноз қойыңыз.

сол жақтан спастикалық гемипарез
4
Науқас әйел 4 аяқ-қолдарының бірден әлсізденуімен стационарға түскен. Тексеру кезінде терең тетрапарез анықталған. Аяқ-қол күші 0-1 баллға төмендеген. Науқас жүрмейді, өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. Қол бұлшықеттері азыған, олардың тонусы төмендеген, қолдағы терең рефлекстер шақырылмайды. Төменгі аяқтардың бұлшықет тонусы жоғарылаған, тізе және ахиллов рефлекстері шақырылады, Бабинский патологиялық рефлекстері және табан клонусы, Оппенгейм екі жақты. Құрсақ рефлекстері жойылған.

    1. Салдану сипатын анықтаңыз.

    2. Топикалық диагноз қойыңыз.

жұлынның мойын буылтығы деңгейінде зақымдануы
5
Науқас аяқтарының әлсіздігі шағымымен келді. Объективті тексеруде күштің төмендегені,гипотония,балтыр және табан бұлшықеттерінің атрофиясы және фибриллярлы дірілдер, ахиллов рефлестерінің жойылуы, шап аймағының және сан және балтырдың сыртқы беткейінде барлық сезімталдықтың бұзылыстары анықталған.

  1. Салдану сипатын анықтаңыз.

  2. Топикалық диагноз қойыңыз.

жұлынның бел буылтығы деңгейінде зақымдануы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет