Қол бұлшықеттері
(musculi membri superioris)
1. Иық белдеу бұлшықеттері
Иық бұлшықеттері топографиялық орналасуна қарай: алдыңғы және артқы топ бұлшықеттеріне бөлінеді.
Қол сүйектері белдеуінің бұлшықеттерінің артқы топ бұлшықеттер
Дельта тәрізді бұлшықет (musculus deltoideus)
Қызметі: бұлшықеттің алдыңғы буындары иықты бүгеді, артқылары-жазады, сыртқылары-иықты әкетеді.
Қылқан үсті бұлшықеті (musculus supraspinatus)
Қызметі: иықты әкетеді және иық буыны капсуласын тартады, тайып кетуден сақтайды.
Қылқан асты бұлшықеті (musculus infraspinatus)
Қызметі: иықты сыртқы айналдырады және иық буыны капсуласын тартады.
Жұмыр кіші бұлшықет (musculus teres minor)
Қызметі: иықты сыртқа айналдырады.
Жұмыр үлкен бұлшықет (musculus teres major)
Қызметі: иықты артқа тартады, ішке айналдырады және тұлғаға жақындатады.
Жауырын асты бұлшықеті (musculus subscapularis)
Қызметі: иық буынын ішке бұрады, иықты тұлғаға жақындатып, капсуланы тартады.
2. Иық бұлшықеттері
Иықтың алдыңғы топ бүгуші бұлшықеттері:
Иықтың екі басты бұлшықеті (m. biceps brachii)
Қызметі: иық пен шынтақ буынын бүгіп, білекті ішке қарай айналдырады.
Құстұмсық-иық бұлшықеті (m.coracobrachialis)
Қызметі: Иық буынын бүгіп, қолды кеудеге қарай тартады. Сонымен қатар, иықты қимылдатпай берік ұстаған жағдайда жауырынды алға және төмен қарай тартады.
Иық бұлшықеті (m.brachialis)
Қызметі: шынтақ буынын бүгу.
Достарыңызбен бөлісу: |