Иықтың артқы топ жазушы бұлшықеттері:
1) Үш басты иық бұлшықеттері (m.triceps brachii)
Қызметі: шынтақ буынында білекті жазады, ұзын басы иықты жазып, түсіреді.
2) Шынтақ бұлшықеті (m.anconeus)
Қызметі: білекті бүгеді.
3. Білек бұлшықеттері
Топографиялық орналасуна қарай: білектің алдында орналасқан бүгуші және ішке қарай бұрушы (пронатор) бұлшықеттерге, артында орналасқан жазушы және сыртқа қарай бұрушы (супинатор) бұлшықеттерге бөлінеді.
Білектің алдыңғы және артқы топ бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай: беткей және тереңде орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді.
Білектің алдыңғы топ бүгуші-бұлшықеттерінің беткей тобы
Жұмыр пронатор бұлшықеті (m.pronator teres)
Қызметі: шынтақ буынын бүгіп, білекті ішке қарай бүгу.
Бүккіш кәріжілік-білектік бұлшықеті (m.flexor carpi radialis)
Қызметі: Қол басын иіп қоймай, басқа бұлшықеттер мен бірлесе отырып, қол басын латеральді бағытта кәрі жілік сүйегіне қарай ауытқуы.
Алақанның ұзын бұлшықеті (m.palmaris longus)
Қызметі: алақанның апоневрозын керіп, қол басын бүгу.
Бүккіш білезік-шынтақ жіліктік бұлшықеті (m.flexor carpi ulnaris)
Қызметі: Бүгетін білезік-кәріжілік бұлшықеттермен бірлесе отырып, қол басын иіп қоймай, білезік-шытақ жіліктік жазғыш бұлшықетпен бірлесіп, қол басын ішке қарай тартады.
Саусақтарды бүккіш беткей бұлшықеті (m.flexor digitorum superficialis)
Қызметі: ІІ-V саусақтың ортаңғы бақайшақтарын иіп қоймай, бүкіл қол басын иеді.
Білектің алдыңғы топ бұлшықеттерінің терең қабаты
Бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықеті (m.flexor pollicis longus)
Қызметі: басбармақтың бақайшықтарын бүгіп қоймай, бүкіл қол басының саусақтарын иеді.
Достарыңызбен бөлісу: |