Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Медициналық бұйымдарды залалсыздандыру



бет24/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Медициналық бұйымдарды залалсыздандыру
Мақсаты: науқастың және қызметкердің ауруханаішілік инфекцияны жұқтырудың алдын алу, медициналық бұйымдардағы барлық микроағзалар мен олардың ұрықтарын жою.
Өнімдердің жасалған материалдарына байланысты залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Залалсыздандыратын бұйымдарды торға немесе қорапқа салып, стерилизаторға орналастырады.
2. Залалсыздандыруды бақылауды химиялық әдісіпен іске асырады.
Индикаторларды бу залалсыздандырғышының нүктелеріне конверт әдісімен орналастырады, ауа залалсыздандырғышы нүктелерінің 3-қабатына салады.
3.Залалсыздандырудың қандай түрінде де залалсыздандыруға сәйкес тәртіпті сақтау керек.
–автоклавтағы температура 132° С – 2 атм, 20 мин, аяушы тәртіп кезінде температура 120° С – 1,1 атм, 45 мин
-құрғақ-ыстық шкафта залалсыздандыру температура 180° С, 60 минут, температура 160°С - 150 минут
4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру аяқталғанда индикаторлардың эталонға сәйкестігін тексеріңіз.
5. Залалсызданған блокта залалсызданған бұйымдарды түсіреді.
6. Химиялық залалсыздандыру кезінде медициналық бұйымдарды залалсыздандырушы ерітінді бар сыйымдылыққа салып, қақпағын тығыз жауып қояды. Химиялық залалсыздандырудың уақыты аяқталғаннан кейін бұйымдарды залалсыздандырылған сумен жуады да қолданады немесе әрі қарай сақтау қажет болса асептикалық жағдайда орамаға салып қораптайды.
7. Залалсыздандырғыш жұмысын тіркейтін журналды толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет