Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Педикулез анықталғанда сәйкес шараларды жүргізу



бет32/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Педикулез анықталғанда сәйкес шараларды жүргізу
Мақсаты: АІИ таралуының алдын алу, дененің шашты бөлігінен бит,сіркелерді жою.
Көрсетім: бит,сіркелердің болуы
Қарсы көрсетім: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, омыраумен емізетін аналарға болмайды.
Жабдықтар: педикулезге қарсы жинақ: медициналық халат, үшкіл орамалдар (полиэтилен,мата), 6% сірке су қышқылы ерітінідісі, жиі тісті тарақ, педикулицидтердің бірі («Ниттифор», «Антибит» лосьондары, «Педилин» сусабыны), мәрлі тампондар,лупа, қырынатын құралдар, киімдерде дезинфекциялық камераға жіберуге арналған қапшық, клеенка,резеңке қолғаптар, шелек, науқастың медициналық картасы, жұқпалы ауру туралы шұғыл хабарлама ( ф № 058/у), жұқпалы ауруларды есепке алу журналы ( ф№060/ у).
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқаспен мейірімді қарым қатынас орнатыңыз

  2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз

  3. Қосымша халат және үшкіл орамалды киіңіз

  4. Науқасты клеенкамен жайылған кушеткаға отырғызыңыз, иығына сүлгі жабыңыз

  5. Мақта тампонның көмегімен науқастың шашын (әбден дымқылдап) педикулицидтердің бірімен өңдеңіз.

  6. Шашты полиэтилен үшкілмен сыртынан мата орамалмен байлаңыз, ұстау уақыты қандай педикулицид қолданылуына байланысты.

  7. Шашты жылы сумен,содан кейін сабын сумен жуады, сүлгімен құрғатады.

  8. Шашты 6% сірке су ерітіндісімен өңдеп, полиэтилен үшкілмен сыртынан мата орамалмен 20 мин байлаңыз.

  9. Шашты жылы сумен жуады, сүлгімен құрғатады.

  10. Науқастың басын еңкейтіп 10-15 минут бойы жиі тарақпен тараңыз.

  11. Науқастың киімін, мейірбикенің халат, үшкіл орамалын қапқа салып дезинфекциялық камераға жіберіңіз, тарақ,қайшыны дезинфекциялаушы ерітіндіге салыңыз.

  12. Науқастың медициналық картасының парағына педикулезге өңдеу өткізілген уақыты,күні туралы белгілеңіз, м/б қолы қойылады.

  13. Педикулез науқасты аурухананың қабылдау бөлімшесіндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына ( ф№060/ у) тіркейді.

  14. Жұқпалы ауру туралы шұғыл хабарлама ( ф № 058/у) қағазын толтырыңыз және телефон арқылы науқастың тұратын мекен-жайы бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына хабарлама жіберіңіз.

  15. Емдеу бөлімшесінде науқас мейірбикенің бақылауында болады және педикулез табылған жағдайда қайтадан өңдеуден өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет