Толықтай санитарлық өңдеу. Гигиеналық шомылғы Мақсаты: АІИ таралуының алдын алу.
Көрсетім: Емдеу бөлімшесіне науқасты қанағаттанарлық жағдайда қабылдау.
Жабдықтар:су термометрі, қайшылар, сүлгі, сабын, жөке, таза іш киім мен төсек жайма, клеенкалы алжапқыш, жаялық.
Міндетті шарттары: Шомылғы бөлмесіндегі температура 25°С шамасында болуға тиіс, өтпе желден сақтану және науқасты салқынға тигізбеу үшін есік, терезе және жел көздерін ашуға болмайды, еденде ағаштан жасалған торлар, судың температурасы 35-37°С болуға тиіс.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Ваннаны жартылай Т- 35-37°С сумен толтырыңыз
Науқас өзін нашар сезінсе (жүрек соғу,ентікпе) ол жайында м/б хабардар етуін сұраңыз.
Науқасты шомылғыға аяғы тіреуішке тірелетіндей етіп отырғызыңыз.
Науқастың өзі жуынуына шамасы келмесе көмектесіңіз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Алжапқыш киіңіз.
Науқасты жеке жөке мен сабынды пайдаланып: басын, дене-тұлғасын, қолдарын, аяқтарын, бұтаралығы мен шаптарын жуындырыңыз.