Ескерту: Қажет болған жағдайда шашты қиып немесе қырып тастайды.
Толықтай санитарлақ өңдеу. Гигиеналық сусепкіш Мақсаты: АІИ таралуының алдын алу.
Көрсетім:Емдеу бөлімшесіне науқасты қанағаттанарлық жағдайда қабылдау.
Жабдықтар: су термометрі, қайшылар, сүлгі, сабын, жөке, таза іш киім мен төсек жайма, клеенкалы алжапқыш, жаялық.
Міндетті шарттары:Шомылғы бөлмесіндегі температура 25°С шамасында болуға тиіс, өтпе желден сақтану және науқасты салқынға тигізбеу үшін есік, терезе және жел көздерін ашуға болмайды, еденде ағаштан жасалған торлар, судың температурасы 35-37°С болуға тиіс.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Науқасты шомылғыға қойылған отырғышқа отырғызыңыз.
Науқастың өзі жуынуына шамасы келмесе көмектесіңіз.
- науқастың шашын сусепкіштің астында әбден дымқылдаңыз
- науқастың шашын сусабын жағып,жылы сумен мұқият жуады.
сүлгімен құрғатады.
-науқасқа жуынып шомылуына көмектесіңіз: жеке жөке мен сабынды пайдаланып дене-тұлғасынан бастап қолдарын, аяқтарын, бұтаралығы мен шаптарын жуады.
-науқасқа отырғыштан тұруына көмектесіңіз (қажет болғанда екеулеп қозғау керек, дене биомеханикасын дұрыс сақтау керек)
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
Науқасқа шомылғыдан шығуға көмектесіңіз.