Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Науқастың кеудеторы аумағын өлшеу Мақсаты: диагностикалық
Көрсетім: науқастың кеуде торы аумағын өлшеу
Жабдықтар: сантиметрлік лента; 70% спирт, зарарсыздандырушы ерітінді, қолғап, қағаз,қалам.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Сырқатқа өткізілетін зерттеу жайында оның мақсаты мен дайындалу шарты туралы түсіндіріңіз.
Қолды жуып, қолғапты киіңіз.
Науқастың қолдарын екі жаққа созып тұруын сұраңыз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Сантиметрлік лентаны арқа жағынан жауырынның төменгі бұрышының астынан,алдынан 4-ші қабырғаның бойымен, ер адамдар мен балалардың кеуде айналасындағы дөңгелектердің төменгі шетінен немесе әйелдерде кеуде бездерінің астынан қабырғалары төске қабыстырылатын жерден.
Кеуде торының шеңберін өлшеуді сантиметрлік лентамен үш күйде жүргізеді: тыныш жағдайда, толық дем алғанда, ең көп дем шығарғанда.
Мәліметті тіркейді:
КТШ тыныш жағдайда ___________
КТШ дем алғанда________________
КТШ дем шығарғанда____________
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
Сантиметрлік лентаны екі қайтара 15 мин аралықпен спиртке немесе зарарсыздандырушы ерітіндіге малынған салфеткамен өңдейді.