Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п


мазмұны Бастауыш сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері ме мазмұны



бет9/16
Дата02.07.2018
өлшемі1,13 Mb.
#46122
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

мазмұны

Бастауыш сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері ме мазмұны. Оқушылардың интеллектуалдық мәдениет қалыптастыру

1. Міндеттер: Оқушыларды пәндерге қызығуға, алға білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

2. Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.

Балаларды бірінші сыныптан бастап мектепте алған білімнің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларында оқу тапсырмаларын орындауда заңды түрде кездесетін алғашқы сәтсіздіктерге бола оқуға деген ынтасының төмендемеуіне ерекше көңіл бөлуді қарастырған жөн.

Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын калыптастыру керек.

Міндеттер: Жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету; достыққа, жолдастыққа, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті егу, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдьшыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу.

Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;

118


Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу.

Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу.

Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;

еңбек үрдісінде бастысы — жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;

еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;

суды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.



Экологаялық мәдениетті қалыптастыру. Оқушылар арасында экологиялық тәрбие насихатын дамыту (ол үшін жерді, суды, электр қуатын ұқыпты пайдалану жөнінде конкурстар, құстарды қарсы алу жөнінде шаралар өткізу; табиғатгы қорғау ұйымдарымен байланысты күшейту).

Экономикалық мәдениетті қалыптастыру. Қоғамның экономикалық өмірінен өндіріс жүйесін бөле білуге, айырбастау және тұтыну туралы алғашқы ұғымды қалыптастыруға, оқушыларды экономикалық жұмысқа тарту арқылы шағын кәсіпорындарды қалыптастыру ісін ұйымдастыра білуге тәрбиелеу.

Экономикалық тәрбиемен байланысты кәсіпорындарды ұйымдастыруда ұжымдық, еңбек сүйгіштік, ұқыптылық, тәртілтілік, мүдделік сезімді тәрбиелеу.

Мазмұны: Аталған міндетгермен байланысты жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысында балаларды халық, педагогикасы мен психологиясының озат дәстүрлерінде, сондай-ақ өркениетті елдер мәдениетінің үлгісінде тәрбиелеу қарастырылады. Олардың бойына ұлттық дәстүрлерді дарыту және сонымен қатар оқушыларды ана тілінде ойлай, сөйлей және жаза білуге қалыптастыру көзделеді. Мектепке келген жеті жасар бала тәрбиеге тез көндігеді. Ол жақсы оқушы болғысы келеді. Бірінші сынып оқушыларының тәрбиесі қызметтің көптеген түрінен құралады. Олардың қызметін ұйымдастырудың ойын, оқу, еңбек жөне топтық және

119


ұжымдық жұмыс түрлерін меңгеріп алмай, бұл жастағы балалардың тәрбиесін қолға алуға болмайды.

Бірінші сынып оқушысы көптеген заттармен алғашқы рет ұшырасады. Сондықтан тәрбиелік көзқарас тұрғысынан балалардың оқудағы, жазудағы, санаудағы, бірлескен қызметінің алғашқы түрлерін ұйымдастыруды тыңғылықты ойластырған жөн.

Бірінші сынып оқушысы бірінші рет қоғамдық тапсырма алады. Сондықтан оны жақсы орындағанын немесе әлі де жеткілікті жасамағанын оған түсіндіру өте маңызды. Осылайша бірінші сынып оқушылары жеңіл-желпі тапсырмаларды басқалармен бірлестікте орындай отырып, адамдық дағдыларды меңгереді. Бұл балаларды тәрбиелеудің негізгі жолы.

Тәрбие үрдісі оқыту үрдісі сияқты жеңілден басталады да, біртіндеп қиындатылады, Сондықтан тәрбиелік жұмыста кезендік ұстанымның маңызы зор.

Өткізілетін шаралардың санының көп болуына әуестенбеу керек. Ұжым және ұжымдасу туралы әңгімелерді олар ұжымдық өзара қарым-қатынастың кейбір тәжірибесін жинақтағаннан кейін өткізген орынды болады.

Балаларды мектепке даярлаудың дәрежесі әр түрлі екенін еске ұстау жөн. Балалар арасында оқи білетін және айтып бере алатын, өзін ұстай алатын, сол секілді оқи алмайтын және оқушылық міндетті нашар игеретіндер де кездеседі. Кейбіреулері әлі оқи алмайды жөне оқушы міндетін қиыншылықпен игереді. Кейбіреулері оқудан шаршап қалады. Егер дер кезінде көңіл аудармаса, олардан үлгірмеушілер шығуы мүмкін. Сондықтан мұғалім бар ерекшеліктерді ескере білуге тырысуы керек. Балабақшадан келген балалар тек отбасында тәрбиеленген өз құрбыларынан көп ретте алда болады. Тәрбие үрдісінде оларды теңестіруге тырысу қажет. Тәрбие әр балаға көңіл бөлуді талап етеді, оқушының жеке басын құрметгей білуді көздейді. Бұл жерде оның тұлғасын емес, оқушының әрекетін бағалауға тырысу керек. Мәселен, “сен жамансың” немесе “сен жақсысың” деудің орнына “сен дұрыс істемедің” немесе “сен жақсы істедің” деу орынды.

Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мәселен, жинақылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына

120


сүйене отырып, оның өз күші мен мүмкіндігіне сенімін

арттыру керек.

Бірінші сынып оқушысымен мұғалімнің қарым-қатынас жасау стилі оқушьшар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үлгісі болып табылатынын әрқашан есте ұстаған жөн.

Бірінші сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашы ұғымын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.

Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттігін, сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.

Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ осындай аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлуі керек.



Экологаялық мәдениет — адамгершілік тәрбиесінің бір түрі. Бастауыш мектептің оқушылары алғаш мектепке келген күннен бастап табиғатты қорғаудың қажет екенін білуі керек (көпшілік балалар бұл жайында балабақшадан біледі). Ол адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар екенін түсініп, адамның табиғатты пайдалану проблемасын игеруге біртіндеп төселеді.

Оқушылардың шипалық шөптерді жинауға белсенділігін арттыру, тамақта ұшырасатын кейбір микробтарды білу (мәселен, Арал теңізі, Алматы маңындағы суларда кездесетін зиянды микробтар), оқушылардың денсаулыққа зиянды, улы заттарды танып білуіне көмектесу өмірлік маңызы бар қажеттілік болып табылады. Мәселен, оқушылардың назарын су тартқыш құбырындағы су құрамдарында организмге қауіпті микробтардың болуы, Семейдегі полигонмен байланысты ауаның өзгеруіне және т.б. мәселелерге оқушылардың назарын аудару керек.

Жалпы бұл бағытта олардың бойында табиғат есемдігін түсіну - арқылы адамдықтың жақсы сапаларын

121


қалыптастыруда жасөспірімдерге көмек көрсету жүзеге асырылады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты . міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің ролін түсіне білуді дарыту болып табылады.

Бірінші сынып оқушыларын кез келген жұмысты тиянақты және дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым әлементгеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза үстауға, еңбек құралдары дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.

Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.

Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының заттарына (киімге, оқу құрал-жабдықтарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегінен жасалынғанның бәріне) ұқыптьшық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.

Әкономикалық мәдениетке тәрбиелеу. Сондай-ақ әлеуметтік қарым-қатынастан пайда болатын экономикалық тәрбие де адамгершілік тәрбиесіне қатысты. Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты,ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.

Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар — ақша айырбастау сияқты үғымдарға үйрету қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытгы үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың

122


салмағын айыра білуге үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.

Эстетикалық мәдениетке тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны. Әсемдікті сезіне білу, түстерді, заттардьщ сыртқы кескінін ажырата білуге және оны графика немесе сөз арқылы бере білуге, табиғаттың сүлулығын көре білуте тәрбиелеу:

Өнер туындыларын қабылдай білуді және оның мәдени құндылығын қорғай білуді қалыптастыру.

Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті, киімді кие білуді, сыртқы пішіннің өсем болуына мән беруді, сол сияқты адамдардың мінез-құлқындағы белгілерін талғай білуді үйретіи тәрбиелеу.

Мазмұны: Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармалардан бастапқы адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ табиғаттағы, адамдық қызмет және өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушьшығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіш-терімен жөне басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлтгық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т.б.)

маңызы зор.



Дене мәдениетіне тәрбиелеудің міндеттері мен мазмүны. Міндеттер: Күн режимін орындау.

Тазалықты, күнделікті еңбекте жэне армияда қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.



Мазмүны: Бастауыш сынып оқушыларына адамның денсаулығы үшін күн режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің сыртқы түріне қарай білуге үйретуі керек. Денсаулық пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет.

V—VI сыныптардағы тәрбиенің міндеттері мен мазмұны. Қоғамдық-саяси өмірмен таныстыру, қоғамдық жұмысқа қатысу. Бесінші сыныпта оқушылар бұқаралық ақпарат

123


құралдарынан Қазақстанда, ТМД елдерінде және шетелдерде болып жатқан маңызды оқиғалармен таныс болады. Олар оқушылардың өмірі мен қоғамдық жұмысына арналған жиналыстарға қатысады, бюллетеньдер мен сыныптың қабырға газеттерін шығарады. “Бәрін де білгім келеді”, “Ғылым мен техника жаңалықтары”, “Ауыл мен қала өміріндегі нарықтық қарым-қатынас жаңалықтары” және т.б. такырыптарға стендтер даярлайды.

Оқушылар табиғат құбылыстарымен танысады, альбомға мақалдар, мәтелдер, суреттер мен өлеңдер жинайды; табиғат сұлулығын жырлайтын тақпақтар мен өлеңдерді жаттап үйренеді; өз үйлерінің жанына, мектеп және шағын ауданының көшелеріне ағаштар отырғызады, оларды суарады, құстарға ұя жасайды; туған өлкенің қорықтық жерлеріне және хайуанаттар паркіне барады; сыныпта және үйде тірі бұрыштар ұйымдастырады, аквариумде түрлі балықтар өсіреді; аулада мұз айдынын жасауға және жазғы спорттық алаңдар ұйымдастыруға қатысады; еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізеді; Республика және Конституция, Наурыз, Жеңіс күні, халықаралық әйелдер күндерін мерекелеуте белсене қатысады; техникалық үйірмелерге қатысады; төменгі сынып оқушылары үшін ойыншықтар жасайды, оларды қамқорлыққа алады; металл сынықтарын, макулатуралар, аптечкалық ыдыстарды және шипалы шөптерді жинайды.

Оқушылар мектеп намысын қорғаумен спорттық шараларға, сондай-ақ құс, орманшы және т.б. күндерге белсене қатысады.

Тұрмыста өзіне-өзі қызмет көрсетеді: өзінің киіміне және аяқ киіміне күтім жасайды, төсек-орнының тазалығын қадағалайды; пәтерді жинасуға, азық-түлік сатып алуға, тамақ даярлауға, ыдыстарды жууға, үй жануарларын күтуге, үлкендерге жәрдемдеседі, отбасындағы қарттар мен кішкентай балаларға көмектеседі; өз ауласын таза үстайды; өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды; Қызыл Крестке мүше болады және ауру адамдарға көмектеседі.



Ғылым негіздерін игеру, ой еңбегінің мәдениетін арттыру. Оқушылардың мектепте күн режимі мен мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауы; мұғалімдердің тапсырмаларын дер кезінде орындауы;' шамасы келетін оқу құралдарын жасауы, сынып кітапханасын ұйымдастыруға, балалар кітаптарының апталығын өткізуге белсене қатысуы керек,

124


пәндік үйірмелерге; тақырыптық ертеңгіліктерге, олимпиадаларға, , конкурстарға, мектептік көрмелерге белсене қатысады; көрнекті отандық ғалымдардың өмірімен және еңбегімен танысады. Адамдардың өмірі мен еңбегіндегі ғылымның рөлі туралы әңгімелерге қатысады, ой еңбегінің мәдениеті туралы кітаптар оқиды және ол жөнінде өз пікірін айтады. Әдебиетпен жұмыс істеу білігін игереді, қорытынды жасауға, текстен басты нәрсені бөліп алуға, -оқыған кітаптары бойынша күнделіктер жүргізуге жаттығады.

Оқу материалдары бойынша әңгіме жоспарын өздігінен жасауға, өз пікірін дәлелдеуді, негізгі қорытындыны қолдайтын цитаталарды жазып алуды, оларды өмірде пайдалануды, іс қағаздарын толтыруды үйренеді; қысқаша хабарлама жасай білуін жетілдіреді; жұмыс орнын таза ұстайды.

Білімдерін кеңейту мен тереңдету мақсатында музейлер мен көрмелерге барады. Ұжым болып ғылыми-техникалық фильмдерді көреді; оларды талқылайды; кітапханадан үнемі кітаптар, ұсынылған әдебиетгі тұрақты түрде алып оқиды.

Өзінің оқудағы жетістіктері туралы туыстарына баяндайды, оқу еңбегінің нәтижесін көрсетеді. Алған білімдерін еңбекте және тұрмыста, қоғамдық жұмыста пайдаланады. Үй және басқа да оқу тапсырмаларын өздігінен орындайды; оқулықтар мен құралдарды бүтіндейді. Үй кітапханасын толықтырады; үй хайуандары мен өсімдіктерге күтім жасайды, үй айналасына ағаштар отырғызады. Өсімдіктердің маусымдық өзгерістеріне бақылау күнделіктерін жүргізеді. Қабырға газеттеріне мақалалар жазады, радио-телехабарларды тыңдайды, дойбы және шахматтар, компьютер ойнайды.

Спортгық жарыстарға қатысады. Өзінен кіші інілері мен қарындастарына көмектеседі.

Адамгершілік және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі адамның дүниеге, басқа адамдарға, оның адамгершілік мінез-құлқына қатынасын қалыптастырады.

Ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу үзіліссіз үрдіс болғандықтан, ол болашаққа бағытталынуы керек.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына төмендегі Қатынастарды қалыптастыру енеді:

— адамның қоғамға қатынасы;

— Отанға, туған өлкеге сүйіспеншілік, үлтаралық Достық; табиғатқа сүйіспеншілік, оны қорғау;

125


— еңбекке қатынас; қоғам игіпігіне адал еңбек; қоғамдық сана, қоғамдық игілікті сақтау; қоғамдық мүлікті сақтау;

— басқа адамдарға ізгі қатынастар; мінез-құлық мәдениеті;

— өзіне қатысы; қоғам алдындағы жауаптылығын ерекше түсіне білу; адалдық және әділдік; адамшылық; тазалық, қарапайымдылық, үлкендерді құрметтеу және басқа да моральдық-еріктік сапалар.

Қоғамдық адамгершілік қатынас қоғамдық пікірлерде және тұлғалық моральдық әрекеттерде пайда болады. Адамгершілік тәрбие тұлғаның моральдық сапасын қалыптастырады. Ізгілікті тәрбиелеу тәрбиелік жұмыстың барлық буыны арқылы: сабақтарда, оқуда жөне еңбекте, эстетикалық жөне дене тәрбиесі арқылы жүзеге асырьшады.

Адамгершіліктің төрбиелік үрдісін әр буындар бойынша қарастыру кезінде адамгершілік сапаның даму дәрежесі мінез-құлықты айқындайтындығына көңіл аудару қажет.

Адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны. Адамгершілік және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу үшін оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік мәселелерін білуге және барлық істерде оларды сақтауға бағыттау қажет; өзіңе және басқаларға талап қоюшылық; адалдық және әділдік үшін күрес.

Отанға, ұлттық мақтанышқа, достық сезімге, Отанды қорғауға даярлыққа ұмтылысты дамыту.

Өз борышын түсінуді күнделікті қажетгікке айналдыру; жеке басының қасиетін құрметтеу; сөз бен істің бірлігіне ұмтылу; өзінің жеке қасиеттері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білу, айналадағылардың құрметіне ие болуға талпыну.

Еңбекке даярлықты, достар мен ұжымның құрметіне ие болуды, достыққа ұмтылуды, жалпы қуанышты бөлісе білуді, берілген тапсырманы ынтамен орындауды игеру.

Қоғамдағы нарықтық қатынастар элементін білу. Өндіріс, бөлу, айырбас жөне тұтыну ұғымдарын игеру. Үнемділікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ер балалар мен қыздар арасындағы өзара сыйластық, достық қатынастарды, жолдастық өзара көмекті тәрбиелеу.

Ұжъшдағы, үйдегі, көшедегі және отбасындағы мінез-құлық мәдениеті үшін, айналадағы адамдардың тыныштығын сақтау үшін, қарапайымдылық және кішіпейілділік үшін күнделікті жұмыс.

126


Санада ата-аналарға және отбасының басқа мүшелеріне деген сүйіспеншілікті, үлкендерге құрметті, қарапайымдылықты, сергектікті, мұқтаждарға көмек көрсетуді қалыптастыру.

Сөзде, істе және қылықта адалдық пен әділдікті бағалай білуді игеру; жеке бастық қатені мойындай және түзете білу; әділетсіздікке қарсы күресу, әрқашан адал болу.

Төртіптілікке ұмтылуды, алға қойған мақсаттарға жетуде жинақылық пен табандылыққа; қиындықтарды жеңе білуге, батылдық пен еріктілікке ұмтылысты тәрбиелеу.

Мінез-құлық ережелерін бұзуға, адамдардың теріс қылықтарына, әділетсіздікке, өтірікке, қорқақтыққа, менмендікке, адамгершілікке жатпайтын қылықтарға ымыраға келмеушілікті тәрбиелеу.

Адам мен табиғат арасындағы үндестікті, қоршаған ортаны қорғауды, экологиялық қасіреттің салдарын түсінуді, талдау және қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

V—VI сынып оқушылары “Мінез-құлық мәдениеті туралы” әңгімелерге қатысуы және жеке пікірлерін айта білуі керек.



Жасөспірімдерді мәдени дағдыларды игеруге тәрбиелеу.

Адамдар арасында өзара қарым-қатынас мәдениетін орнату. Жеке бас қасиетін және басқа адамдардың қасиетін құрметтеу. Адамның тәрбиесі оның сөздерінен, дауысынан, сыртқы бейнесі мен қозғалыстарынан көрінеді. Тәрбиелілікгің белгісінің сәлемдесуден, алғыстан, өтініштен көрінуі. Тәрбиелілік кішілерге де, үлкендерге де, адамдардың бәріне қажет. Ол басқаларды тындай білуде; басқалардың кемшілігіне кешірімді болуымен көрінеді.

Кез келген адамның сұрақтарына көңіл бөлмей қалдыруға болмайды. Хатқа дер кезінде жауап қайтару, хаттың жазылған күнін көрсету қажет. Басқаның хатын оқуға жол беруге болмайды.

Жауаптылықты сақтау, келісім шарттарын орындау, әділдікті сақтай білу.

Жауапты адам төмендегі ережелерді орындауы керек:

Әр адам өз жауаптылығының айналадағы адамдарға қандай дәрежеде ықпал ететінін есінде ұстауы керек. Өзінің және басқаның уақытын үнемдей білу. Ешқашан ешқайда кешікпеу. Белгіленген шараларға қатысу мүмкін болмаған жағдайда, ол жайында алдын ала ескерте білу.

127

Өзінің тұрған жері туралы жақындарына хабар беруге ұқыпты болу. Қоғамдық мінез-құлық ережелерін сақтау.



Сөйлеу мәдениеті. Өзінің ойын сөйлеу арқылы сауатты және жүйелі бере білу. Сөз мәдениеті адамның білімдік дәрежесіне байланысты болады. Сөз айтайын деп тұрған ойдың мазмұнына сәйкес болуы керек, Сөйлеу мәдениетінде төмендегі ережелерді сақтай білген жөн:

Сөйлегенде сөздерді дұрыс пайдалану, тіл мүкістігіне жол бермеу. Сөйлегенде әңгімелесушінің бетіне қарау, жан-жаққа немесе сағатқа қарамау.

Сөйлегенде мағынасын білмейтін сөзді пайдаланбау. Әңгімелескенде өзің үнемі сөйлей бермей, басқаның да ойын айтуына мүмкіндік беру. Телефонмен ұзақ сөйлеспеу, ерекше бір қажетсіз достарға телефон соқпау.

Баяу дауыспен сөйлесу. Адамдарға “айдар” тағуға ұмтылмау.

Ер балалар мен қыздар арасындағы сыйластық дәстүрлі мақсатқа сәйкес құрылады.

Қоғамдық мінез-құлық ережелерін сақтау. Мектепте,үйде, мектептен тыс жерде мінез-құлық ережелерін сақтау. Көшеде жүріп-тұру тәртібі ережелерін сақтау, оған өзіңнен кішілерді үйрету. Кіші жастағылардың кемшілігін жөндей білуге көмектесу. Айналадағыларды қамқорлыққа алу.

Адамгершілік олшемдерін игеру.Адамның адамгершілік сапалары: қайырымдылық, әділдік, төзімділік, еңбексүйгіштік, кешіре білушілік, елжандылық, жауаптылық. Оқушылар адамгершілік тақырыбына арналған әңгімелерге қатысуы керек. Олар адамның адамгершілік сапаларының айқын үлгілерімен танысады.

Тамаша адамдар және адамгершілік туралы фильмдер мен театрлық ойындарды көреді және талдау жасайцы. Кітап оқу арқылы өз халқының әдебиетімен, адамның адамгершілік сапаларымен жөне басқа халықтардың мәдениетімен танысады және оның элементтерін күнделікті өмірде пайдаланады. Өркениетті елдер халықтарының өмірімен танысады, шетелдік оқушылармен хат жазысады, шетелдік почта маркаларынан коллекция жинайды. Адамгершілік тәрбиесіне арналған ұжымдық іс-шараларға қатысады, түрлі тапсырмаларды орындайды.

Өз Отанының өткені мен бүгінгі өмірін зерттеп біледі. Өлкетану іс-шараларына қатысады. Туған өлкесінің және елінің назар аударарлық жерлерін зерттеп біледі, көрмелерге барады.

128


Оқушыньщ экологиялық мәдениеттін қалыптастыру.

Оқушьшар қоршаған табиғатты қорғаудың әдістерімен және табиғат байлықтарын пайдалану құқықтарының үлгілерімен танысады. Экологиялық кештер, дөңгелек үстел, экологиялық апталық, экологиялық жарыстар өткізіледі. “Табиғатгың жас әуесқойлары”, “Табиғатты қорғау айлығы”, “Ең таза көше”, “Тазалығымен үлгілі үй” және т.б. тақырыптарға тәрбиелік шаралар өткізіледі.

Семей, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Арал, Балқаш, Алакөл және Алматы маңындағы экологиялық апаттардың себебін түсіндіру мақсатында іс-шаралар өткізіледі.

Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар жекеменшіктің және өндірілетін товарлардың түрлері туралы, бұған жұмсалатын шығындар және еңбек ақы туралы білімін кеңейтеді. Оларды бөлу айырбасқа, әділдікке негізделеді деген түсінікті игереді.

Эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптастыру міндеттері. Жасөспірімдердің әдемілік пен әсемдік туралы бастауыш мектепте, I—IV сыныптарда алған білімдер деңгейін есепке алумен төмендегілерді қалыптастыруы қажет:

- қоршаған дүниенің, табиғаттың, адамдардың шығармашылық сұлулығын қабылдай білу;

- көркем туындылар (ұлы ақындардың, жазушылардың, суретшілердің және т.б.) адамдардың сарыла еңбек етуінің нәтижелері, олардың қайнар көзі — табиғат екенін түсіну;

- өз республикасының, көршілес тәуелсіз республикалардың және шетелдердің белгілі қайраткерлерінің шығармаларын білу;

- көркем шығармашылыққа, өнердің түрлі салаларымен шұғылдануға ұмтылу;

- табиғаттың сұлулығы мен үндестігін білу, оған сүйсінушілік және құрметтеушілік сезімін білдіру;

- табиғат байлықтарын және қоршаған ортаны қорғауға белсене қатысу, өзінің өмірі мен еңбегін, өзінің сыныбы мен мектебін көркемдей білу, өзінің сыртқы түріне ұқыптылықпен және талғаммен қарай білу;

- әсемдікке сәйкес келмейтін құбылыстар мен қылықтарға төзбеу, айналадағы адамдардың дөрекі мінез-құлқын қабылдамау



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет