Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді
Жер бедері туралы жалпы түсінік
Жер бедері туралы түсінік
Жер бедері туралы түсінік
Жер беті ойлы-қырлылығының жиынтығы жер бедері (рельеф) деп аталады. Жер бедері инженерлік геодезиялық құжаттарда (карта, план, профиль) кескінделмей, жер бетін игеру, оны Халық шаруашылық қажетіне жарату мүмкін емес. Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.
Жер бедерінің негізгі түрлері
Жер бедерінің негізгі түрлері
1) тау, төбе–айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады.
2) Қазаншұңқыр –жер бетіндегі қазанға ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады.
3) жота, тау–жотасы–бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады.
Жер бедерінің негізгі түрлері
я
6) жыра–жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың тереңдігі 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді (д-сурет). Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді.