«Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті Қолданбалы биология кафедрасы



бет7/7
Дата14.09.2023
өлшемі93,19 Kb.
#181053
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
подписанный 2023-2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

5. Курс саясаты
Пәнді оқу барысында білім алушылар келесі талаптарды орындауы керек:

  1. тапсырмаларды уақытында орындау;

  2. тәжірибелік/семинарлық (зертханалық сабақтар), СОӨЖ, СӨЖ орындаудың әдістеме-лік нұсқауларына сәйкес орындалған тапсырма материалын ұсыну;

  3. бекітілген кестеге сәйкес дәріс курсына қатысу;

  4. пән бойынша ұсынылған оқу құралдары мен әдеби дерек көздерді негізге ала отырып, дәріс оқу кестесіне сәйкес курстың теориялық мәселелерін зерттеу.

 
6. Академиялық адалдық саясаты
 
Пәнді оқу кезінде білім алушылар академиялық адалдықтың мынадай принциптерін сақтауы тиіс:

  1. жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде кез-келген плагиат түріне тыйым салынады;

  2. басқа білім алушылар орындаған бір жұмысты (жұмыстың бір бөлігін) ұсынуға жол берілмейді;

  3. орындалған және бағаланған жұмысты қайта ұсынуға жол берілмейді;

  4. рефератталған дереккөздердің тізімін дұрыс жасамауға жол берілмейді, оның ішінде жұмысты жазу кезінде қатыспаған дереккөздерді көрсету;

  5. емтихан кезінде тыйым салынған заттарды (шпаргалкалар, ұялы телефондар, планшеттер және т. б.) пайдалануға рұқсат етілмейді;

  6. емтихан, тест тапсырмаларын тапсыру кезінде өзін басқа адам ретінде беру академия-лық адалдық қағидаттарын бұзуға жатады.

Академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуы анықталған жағдайда мынадай шаралар қабылданатын болады:

  1. орындалған тапсырмаларды ұсыну кезінде академиялық адалдық және шешім қағида-ларын бұзу анықталған жағдайда оқытушы орындалған жұмысты жояды;

  2. орындалған тапсырмаларды ұсынған кезде академиялық адалдық қағидаларын қайталап бұзған жағдайда, бұзушылық актісі жасалады, оған оқытушы мен кафедра меңгерушісі қол қояды қабылдау үшін факультет деканатына беріледі;

  3. емтихан кезінде академиялық адалдық қағидаларын бұзу анықталған жағдайда білім алушы емтиханнан шеттетіледі.

7. Кері байланыс
Пәнді оқу барысында білім алушы оқытушыға «Университет АИС» «Чат тобы» қо-сымша беті арқылы жүгіне алады.
Білім алушылардың барлық сұрақтары апта сайын сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін қаралады. Білім алушылардың сұрақтарына жауаптар «Университет АИС» «Чат тобы» қосымшаларында орналастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет