Статистикалық мәліметтерді жинақтау ,стандартты түрде жазу,жүйелендіру және өңдеу. Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтер жүздеген, мыңдаған бірліктерді қамтиды. Бірақ олар тиісті түрде ӛңделмесе ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да құнсыз болып қалады. Сондықтан статистиканың ендігі кезектегі, яғни статистикалық мәліметтерді жинақтау кезеңіндегі міндеті – бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мәнін, статистикалық заңдылықтарды айқындайтын қорытындылаушы кӛрсеткіштерді есептеу және сол кӛрсеткіштер арқылы зерттелетін жиынтықты сипаттау.
Зерттелетін құбылысты сипаттау үшін статистикалық бақылау мәліметтерін ғылыми түрде ӛңдеп, бір жүйеге келтіруді жинақтау дейді.
Мәліметтерді жинақтау жұмыстары 3 кезеңнен тұрады:
мәліметтерді алдын ала тексеру;
мәліметтерді берілген белгілер бойынша топтау;
жинақтау нәтижесін статистикалық кесте түрінде рәсімдеу.
Жинақтаудың 1-кезеңінде ӛңделетін материал бақылау бірліктерін қамту толықтығы тұрғысынан тексеріледі. Сонымен қатар жиналған мәліметтердің қаншалықты сапалы екендігі анықталады.
Мәліметтерді берілген белгілер бойынша топтау бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Мұндай топтаулар жиналған ақпаратты пайдалануға қолайлы, түсінуге жеңіл түрге келтіру үшін қажет. Топтау нәтижесін әдетте статистикалық кестелер арқылы кӛрсетеді.
Мәліметтерді жинақтау зерттелетін құбылыстар мен үдерістерді теориялық талдау негізінде жүргізіледі. Теориялық талдауды алдын ала жүргізу мәліметтерді жинақтау барысында зерттелетін құбылыстардың негізгі ерекшеліктерін жоғалтпас үшін қажет.
Статистикалық жинақтау кӛптеген күрделі есептеулерді талап етеді. Сондықтан оның жоспары жасалуы керек. Жоспарда жинақтау жұмыстарының реттілігі, уақыты, жұмысқа жауапты адамдар, жинақтау нәтижесін қандай түрде беру керектігі кӛрсетіледі.
Статистикалық жинақтаудың екі түрі бар:
жай жинақтау;
күрделі жинақтау.
Жай жинақтау қолданылғанда алынған мәліметтерді топтарға бӛлмейді.
Мұндай жағдайда зерттеу белгісі бойынша барлық бақылау бірліктерінің мәндерін қосып, жиынтықтың қорытынды кӛрсеткішін анықтайды. Мысалы, Қазақстандағы студенттер санын анықтау үшін еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының осы кӛрсеткіш туралы берген мәліметтері есепке алынады.
Статистикалық топтастыру қолданылған жинақтау күрделі жинақтау деп аталады. Күрделі жинақтауға мысал ретінде кәсіпорындарды меншік түрі бойынша топтауды келтіруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1.Рахметова Р.У Эконметрика Алматы .2009.-226с
2.Мухамадиев Б. М Эконометрика и эконметрические прогнозирование. Алматы ;Қазақ университеті 2007-250 с