Нәтижесі Қытайдың көне тарихи жәдігерлері Шаң патшалығы дәуірі атты мемлекеттің болғанын жазып қалдырған. Айтулы дәуірдің аты тарихи деректерден кездескені болмаса, оның нақты тарихы соншалықты анық емес, көмескі тіпті күмәнді тұстары жеткілікті болатын. Сол себепті ғалымдардың көңіліне күдік ұялап келді, тіпті мұндай дәуір мүлде болмаған деген пікір орын алды. Тек таяу заманға жеткенде «сүйек-сауыт жазуы» және археологиялық олжалардың көптеп табылуы Қытай тарихында осындай патшалықтың шынымен болғанын, сонымен бірге онда аса жоғары өрелі өркениет болғанын толық қанды дәлелдеп берді. Сөйтіп, ол әлемдегі санаулы көне өркениеттер қатарынан орын алды. Айтулы өркениеттің табыстары әлем өркениеті тарихының айшықты парақтарын толықтырып ғана қоймай, Қытай мәдениетінің дамуына ерекше әсер еткен. Міне бұл тарихи тамыры б.з.д. XVI ғасырдан бастау алатын Шаң патшалығы еді(б.з.д. 1571 – б.з.д. 1046 жж.).