Материалдар мен әдістер. Дерек ретінде Шаң патшалығы дәуірі атты мемлекеттің болғанын жазып қалдырған Қытайдың көне тарихи жәдігерлері, сондай-ақ Шаң династиясының 500 жылдық тарихы туралы бұрын «Тарихи жазбалар» атты кітаптың «Ин шежіресі» деп аталатын тарауы басты дерек көзі ретінде пайдаланылды. Чиң патшалығының соңғы дәуірінде жасаған император академиясының көне жазбаларды зерттеуші ғалымы «Сауыт-сүйек жазуының атасы» Уаң Ироңның зерттеу еңбнетері мен оның досы Лю Э «Те юн саң гүй» атты сүбелі еңбегі сауыт-сүйек жазбаларын ашуда негізгі жәрдемші құрал болса, Еуропа мен Америкалық миссионерлердің жинап өткізген АҚШ-дағы Принстон университетінегі, Питтсбург қаласының Карнеги мұражайынағы, Лондондағы Ұлы Британ мұражайынағы сауыт-сүйек жазбалары мен олар туралы деректер, Қытай орталық ғылыми зерттеу академиясының тіл білімі институты тарапынан келген сүйек жазбаларын зерттеуші ғалым Доң Зобиң бастаған экспедициялық топтың Хынан өлкесі Аняң қаласындағы жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстары мен нәтиждесі негізгі дерек ретінде қолданылды.