Қалиолла Ардақ, 2Шарыпқазы Нүртәліп



бет7/10
Дата10.10.2020
өлшемі209,07 Kb.
#64417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды
Қортындылай келгенде Қытай иероглифі пайда болғаннан күні бүгінге дейін дамып, жетіліп, кемелденіп келеді. Ол әлемдегі басқа да көне жазулардан болымысы бөлек, себебі, қытай иероглифі жүйесінің өз ерекшелігі бар, бұл ерекшелік оның тұрақтылығында еді. Сондықтан, Қытай жері қанша кең, халқы мол, диалекттері көп болса да, бірақ, бүкіл елдің бір ғана ортақ жазуы болды. Егер осынау ортақ жазу болмаған болса, онда қытайдың біртұтас ел болуы да, біртұтас ұлт болып ұюы да қиынға соғар еді.

Жалпы Шаң патшалығы өркениетінің елеулі мазмұндарының бірі арақ мәдениеті болған. Қытай елі арақ-шарап отандарының бірі. Ең алғашында арақ діни ғұрыптық шараларда пайдаланылды. Нақтап айтар болсақ тәңірге арақ беріп қошамет көрсету арақтың сол кездегі ең бір маңызды міндеті саналған. Ғұрыптық шараны басқарушы бақсы (әулие) араққа қызып алып аруақтармен, жындармен, тіпті тәңірментікелей байланысқа шыққан. Кейін келе тек ғана ғұрыптық салттарда ғана емес, түрлі құттықтау шараларының барлығы да арақсыз өтпейтін деңгейге жеткен. Шаң елінде арақ ішу етек алып арақпен қатысты мәдениеттер өркен жая бастайды. Сөйтіп, оның бір мазмұны «Сүйек жазбаларымен» тығыз байланысып жатты. Соңғы кезде Ин қирандысымен және басқада жерлерден табылған Шаң дәуіріне қатысты археологиялық олжалардақатарында арақ ішуге арналған ыдыстар көптен кездескен.

Бірақ, арақ деген сусын екі жүзді алмас семсер сияқты, ол адамзаттың ең жақсы сусыны бола тұра,оны артық тұтыну орны толмас қайғы әкеледі. Өкінішке орай Шаң ләуірінде маскүнемдік кең етек жайып, ақыры ол бүкіл патшалықтың шаңырағыншайқалтады. Кейін келе маскүнемдер басқарған мемлекетте қоғамдық қайшылықтары асқынып, ұлықтары жемқорлыққа бой ұрып, халық рухани жақтан азып-тозып кетеді. Ғалымдар қатысты деректерге негізделіпШаң патшалығының түбіне маскүнемдік жеткен деп санайды. Б.з.д. 1046 жылы Жоу мемлекетінің қосыны Шаң патшалығының астанасына басып кірген күні Шаң патшалығының ең соңғы патшасы Шаң Уаңжоу көк тәңір мен жұлдыздарға сиынатын храмғабарыпарақтың желігімен өртеніп өлді. Сол күні Шаң патшалығы да ресми түрде құлады.

Жоу патшалығы билік басына шыққаннан кейін қарғыс атқан Шаң патшалығын жер бетінен мүлде жою мақсатында олардың астанасы Ин қаласын жермен жексем етіп қиратын, орнына егін егіп тастайды.Нәтижеде қаншама мол бәлгерлік жазбалар жазылған сауыт-сүйек жазбалары қаланың бір бұрышында қиранды астында қала береді. Арада 3000 жыл өткен кездеқиранды астында неше мың жыл бойы жатқанкөне өркениеттосын жағдайда адамзатпен қайта қауышады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет