цитомегаловирусты инфекция
мерез
Иерсиниоз
Науқасқа құрсақ қолқасының және бүйрек артериясының зақымдануымен спецификалық емес аортоартерииті диагнозы қойылды. Кортикостероидтарды тағайындау қажет.Осы жағдайда дәрігер жағынан кортикостероидтардың қандай жанама әсеріне барынша көніл бөлуі керек?
Артериальді гипертензия
Стероидты диабет
Остеопороз
Остеонекроз
АІЖ қан кетулер
10 жастағы ұл бала сол жақ тізе буыны ауыруы, ісуі, қозғалысының айқын шектелуі, аяқ терісінде көгерулер пайда болғандығына шағымданады. Анасы баласының соңғы айда қызыл иегі көп қанауын, мұрын қанауын байқады. Анамнезінен: әкесі мен тәтесінде жоғары қанағыштық. Қарауда: тері астылық аймаққа «көгерулер» типтес қан құйылулар, сол жақ тізе буыны көлемі үлкейген, оның үстіндегі терісі қызарған және ұстағанда ыстық. ЖҚА: Hb – 100г/л, лейкоцит – 4,6х109/л, тромбоцит – 177х109 /л, ЭТЖ – 25 мм/сағ; ЖЗА – гематурия; Коагулограмма: АЧТВ – 60 сек, ТВ – 15 сек, фибриноген – 3 г/л, ристоцетин-кофакторлық белсенділік – қалыпты; РФ – 7 ХБ/мл, СРБ – 22 мг/мл. Тізе буындары рентгені (фото). Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген барынша тиімді?
VII және IX қан ұю факторларын анықтау
HLA-B27 анықтау
В және С гепатит маркерлері
АИТВға қан
Виллебранд факторын анықтау
8 жастағы бала анасымен дәрігерге 37,8 º дейінгі дене қызуы, айқын қозғалысының шектелуімен сол жақ тобық табан буыны ісуі, айқын әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен: жиі тұмау және ЖРВИ айына 1-2 рет, бір апта бұрын тонзиллиттен емделген. Кеше дене қызуы мен буын ісуі қайта қайталанды. Объективті: сол жақ тобық табан буыны артриті. Қан анализі: Hb - 120 г/л, лейкоцит- 15х109 /л, ЭТЖ - 32 мм/сағ, СРБ– 42 мг/мл, АСЛ-О - 1:450 ХБ/л, РФ – 10 ХБ/мл. Тобық табан буыны рентгенографиясы – патология анықталмады. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға барынша мүмкіндік береді?
Достарыңызбен бөлісу: |