жұмсақ Дезо таңуы
иммобилизация қажет емес
сегіз тәрізді таңу
37 жастағы әйел. Білек буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне, қолында болатын әлсіздік пен қатты ауыру сезіміне, саусақтарын қыса алмау және затты ұстап тұра алмауға, кешкі уақытта болатын субфебрилитетке, тізе буындарындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданады. Хирургтың буын ішіне дипроспан салуы бірден дерлік ауыру сезімін жеңілдетті. Келесі күні әйелдің буыны қатты ісініп, қызарған. Дене температурасы көтеріліп, маза бермейтін ауыру сезімі пайда болған. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
Ревматоидтық артрит кезіндегі псевдосептикалық артрит
Жедел подагралық артрит
Жедел стрептококктан кейінгі артрит
Стафилакокктың әсерінен пайда болған жедел іріңді артрит
Дипроспанды қабылдағаннан пайда болған бруцеллездік артрит
Балаға 2 жас. Анасының шағымдары – тәбетінің төмендеуі, енжар, жылауық, балармен ойнағысы келмейді. Объективті түрде: баланың қараторлығынан терісінің қаншалықты бозарғанын анықтау қиын. Көзге түскені алақандарының ағаруы. Терісі құрғақтау, екі езуінде суланған сызық жара, бұлшықет тонусы, тіндердің шымырлығы сәл төмендеген. Өкпедегі тынысы қатаңдау, ТЖ 40/ мин. Жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу. Сұрастыру барысында баланың көмір, шікі ет фаршын, газет қағазын жеуге қумарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л, ТК- 0,7.Қандай зерттеу тағайындау керек?
сарысулық темір мөлшерін
АЛТ және АСТ
билирубин мөлшерін
ЭКГ
сілтілі фосфатаза
Әйел адам 52 жаста. Әлсіздікке, шаршағыштыққа, буындарындағы ауру сезіміне, кейде аллергия деп есептейтін бөрітпелердің шығуына, іш қатуға шағымданады. Бұл шағымдар 2 жыл бұрын, менопауза фонында салмағының жоғарылауы кезінде пайда болды (ДСИ – 32). Сол кезеңде тексеру кезінде анықталды: билирубин – 54 ммоль/л, АЛТ – 67 МЕ/мл, АСТ – 44 МЕ/мл. Анамнезінде – 3 жүктілік, 2 босану, 1 медаборт. Гепатитке скрининг жасалды: HBs-Ag теріс, anti HCV total – теріс.Билирубин – 27 ммоль/л, АЛТ – 124 МЕ, АСТ – 88 МЕ. Диагностикадағы келесі қадам қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |