Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті


-тоқсан Бөлім Көне күндерден жеткен жәдігерлер



бет2/20
Дата27.08.2023
өлшемі148,29 Kb.
#179963
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ФО Қазақ әдебиеті 7 кл

1-тоқсан


Бөлім Көне күндерден жеткен жәдігерлер


Оқылатын шығарма
тақырыбы «Қыз Жібек» жыры


Оқу мақсаты 7.Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас
бөлшектерін талдау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығарманы сюжетіне талдайды




Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары


деңгейі
Тапсырма


Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылаңыз. Дереккөз: Қыз Жібек. Лиро-эпостық поэма. – Алматы: Мектеп, 2006. («Жетінші сөз» сериясы)



  1. Талқы себепшісі – жыр бойынша (кейіпкерлері, сюжеті, қарым-қатынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) 5 сұрақ құрастырады.

  2. Белгілеуші – жырдың қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.

  3. Байланыстырушы – оқиғалардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

  4. Қорытындылаушы – көтерілген мәселені қорытындылайды.



Дескриптор Білім алушы



  • рөлдік тапсырмаға қатысады;

  • шығарма сюжетін анықтайды;

  • жыр бөлімдерін талдайды.

4


Оқылатын шығарма
тақырыбы «Қыз Жібек» жыры


Оқу мақсаты 7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін
жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды • Кейіпкер бейнесін талдайды




Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі


Тапсырма


Жырда Жібектің бейнесі қандай көркемдегіш тәсілдер арқылы жасалған? Жібек бейнесін талдаңыз.

Қыз Жібектің дидары


Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің мүсіні
Айбалтаның сабындай.
***
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ығысып.
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Мықындары былқылдап,
Тау суындай құлтылдап,
Сүмбіледей жылтылдап,
Буындары былқылдап,
Айдынды туған Қыз Жібек
Отауға қарап жөнелді.


Дескриптор Білім алушы

− жырдағы Жібек бейнесін сипаттаудағы ерекшелікті ажыратады;


− кейіпкерді сипаттаудағы көркемдегіш тәсілді анықтайды.


5




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет