Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша фактілер мен көзқарастарды жазыңыз.
ГМО - бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді, үсімейді. Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдын алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорадо қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстіктің аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ, сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.
Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға - соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.
ГМО - қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп, адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады.
|