7.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады
Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс. Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында сұрақ қойыңыз. Өз көзқарастарыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Гендік модификация — биотехнологиялық жолмен суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік өсіру. Мысалы, картоп геніне сарышаян гені қосылады екен. Картоптың кейбір сортына доңыз гені қосылатын көрінеді. Ал қызанаққа солтүстік камбаласының гені пайдаланылады. Қызанақтың кейбір сортында акуланың азу тісінің гені барын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Қытайдан әкелінетін алмалар да гендік өзгеріске ұшыраған. Жемісті ұзақ уақыт сақтау үшін оның ДНК-сына шаян ДНК-сы қолданылады екен. Ал зиянкес жәндіктер зиян тигізбеуі үшін жүгеріге жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Өсімдіктерді генетикалық модификациялау өткен ғасырдың 80-жылдарында АҚШ-та басталды. 90-жылдардың басында бұл елдің егістік алқаптарында алғашқы трансгенді дақылдар пайда болды. Бұл дақылдар зиянкес жәндіктерге, сортаң топыраққа, ауа райының құрғақшылығына төзімділігімен және бағасының арзан болуымен, мол өнімділігімен ерекшеленген. Сөйтіп, гені түрленген өсімдіктердің егіс алқабы көбейіп кетті. 1996 жылы әлемде трансгенді өсімдіктердің егіс алқабының көлемі - 1,7 млн гектар болса, 2002 жылы бұл көрсеткіш 52,6 млн гектарға жетті (оның ішінде 35,7 млн гектары - АҚШ-тың үлесінде), ал 2006 жылы 102 млн гектарға гені түрлендірілген дақылдар егілген.