Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет41/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Қосымшаларды үндестік заңын ескере отырып, жалғайды

  • Орфографиялық нормаға сай жазады

Қолдану







Тапсырма

Берілген мәтінді негізге ала отырып, тақырыптың бірін таңдаңыз. Қосымшаларда үндестік заңын ескере отырып, монолог құрастырыңыз. Сөз саны 170-200.


1. ГМО-ға ұшыраған өнімнің монологін дайындаңыз.

2. Биотехнолог маманның монологін дайындаңыз.

3. ГМО өнімін қолданушы адамның монологін дайындаңыз.
Не жеп жүрміз?

Гендік модификация - биотехнологиялық жолмен улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін жасап шығару. 1950 жылдарда атом энергиясымен қосарласа дамыған биотехнология ғылымы бүгінде осылай адам баласына өсімдіктің Құдай жаратпаған жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік тудырды. Мұның бір пайдасы - бүгінгі күні талғажау қылуға тиімді ас өнімдерін дайындап шығаруға көмектеседі. Мәселен, қазір әлeмдегі жеті миллиард халықтың бір миллиарды ашығып, халыққа тамақ тауып беру мәселесі туындап отырғанда биотехнологияның жетістігімен қиындықтан өтуге болады. Америка, Англия елдері ғалымдардың көмегімен осындай жаңа өнім түрлерін өндіріп, Кения, Индия, Африка елдеріне апаруды қолға алған. Бірақ бұны мемлекеттік деңгейде жүргізбеген. Жекелеген кәсіпкерлердің қолымен жүзеге асырды. Бір ескере кететін жайт, биотехнология арқылы өндірілген азық-түлік пен жеміс-жидектердің өз елдерінде сатылуына жол берілмейді.

Биотехнология арқылы ас өндіруді Қытай мықтап қолға алған. 9,2 миллион шаршы шақырым жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып отырған Қытайдың, әрине, кең алқапқа егіс салып, жағасын жайлауға жіберіп жатуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де, химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шектен тыс пайдаланып, жылдам өсіп шығатын, тез пісетін және ұзақ сақталатын өсімдіктер өсіру жолын пайдаланды. Ғылымның осы түрінің арқасында бүгін адам баласы азық-түлік, жеміс-жидек пен көгөністер тұтына отырып, түрлі жан-жануарлар мен жәндіктердің генін сіңіруде. Мәселен, оңайлықпен езіле қоймайтын қып-қызыл тастай қызанақ жеп отырып, ағзасына акуланың азу тісінің гені еніп жатқанын байқай бермейді. Сол секілді, құрт тұмсығын батыра алмайтын, қап-қатты, әдемі алмамен бірге шаянның, ал бір түйірі бір келіге дейін баратын картоппен бірге доңыздың генін ағзаға сіңіреді. Бір түйірі қызанақтай шиелерге тағы да сол доңыздың гені, ал жүгеріге жәндіктер залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Түсінікті тілмен айтқанда, мәселен, акуланың азу тісінің бір генін алып, қызанақ жасушасының ішіндегі ДНК-ның бір бөлігімен алмастырып жібереді. Осылайша қызанақ ДНК-сы өзгеріп, мүлдем басқа өсімдік өсіп шыға келеді.





Дескриптор

Білім алушы

- тақырыпқа қатысты монолог дайындайды;

- шылаулардың ерекшелігін анықтайды;

- жазылымда үндестік заңын ескереді;

- жалғауларды қатесіз жалғайды.




Оқу мақсаты

7.4.4.4 Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет