Тобы: фкбби 208топ Орындаған: МұхтарМеруерт Қабылдаған



Дата01.03.2023
өлшемі65,25 Kb.
#170712
Байланысты:
МұхтарМеруертСОӨЖ
СУОТ.Қазтаева.А, 6edb15d7-17c5-43d0-a9da-951267cb55e5 gold statement, 9f2bc792-9e45-4c4f-bece-14aa7bc60fc7 gold statement



Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті



СОӨЖ


Тақырыбы:Білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер


Тобы:ФКББИ 208топ
Орындаған:МұхтарМеруерт
Қабылдаған: Ибраимова Жанар
Алматы 2022 ж.

Маңызды зерттеу концептілері


Дәйектілік


Дәйектілік дегеніміз зерттеу құралын немесе әдісін қайталап қолдану мүмкіндігін білдіреді. Бұл - кез келген әдістің тұрақты қолданылу мүмкіндігін бағалау (Punch and Oancea, 2014). Қарапайым тілмен айтқанда, мәліметтерді жинау әдісі неғұрлым дәйекті болса, келесі зерттеу кезінде олардың ұқсас нәтижеге қол жеткізу ықтималдығы да соғұрлым көп болады.
Шынайылық. Шынайылық пен оның өлшемдері маңызды рөл атқарады. Шынайылық дегеніміз зерттеу арқылы қол жеткізген мәліметтердің «дұрыстығы», «сенімділігі», «шындыққа жанасатындығы» немесе нақтылығы дегенді білдіреді. Зерттеу нәтижелерін дұрыс деп тапқан жағдайда, зерттеу әдістері ары қарай да қолданыла береді.

Триангуляция


Триангуляция дегеніміз, белгілі бір көзқарасты қалыптастыруда екі белгілі бағытқа сүйене отырып дәлелдеуді білдіретін термин. Бұл, зерттеу жұмысының шынайылығын тексеру үшін қажет. Шындығына келер болсақ, зерттеу нысанын барынша жақсы түсіну үшін зерттеуші оны түрлі қырынан және түрлі көзқарас тұрғысынан алып қарастырады.
Зерттеу стратегиялары
Жүйелі шолу мен мета-талдау. Жүргізіліп жатқан зерттеулерге қол жеткізу мүмкіндігі мен ең шынайы да нақты зерттеулердің басты нәтижелерін анықтау қажеттігі жүйелі шолу процессіне алып келді. Бұл процессті, іске асырылып жатқан зерттеулер мен олардың шешімдерін нақтылауды талап ететін зерттеу кеңестері мен ұйымдары қаржыландырады. Жүйелі шолумен айналысатын зерттеушілер нақты бір салаға қатысты зерттеулерге талдау жасап, метаталдау кезінде анықталған негізгі нәтижелерді синтездейді. Олар қатаң талдау жасап, жасаған таңдауының дұрыстығын тексереді, қол жеткізген нәтижелері басқалар үшін
түсінікті және дәйекті болуы үшін әдебиеттерді қарастыру шарттары мен стратегияларын құжаттандырып отырады.

Кейс стади/ Кейс-зерттеу


Кейстік зерттеу дегеніміз, зерттеуші белігілі бір жағдайды ғана терезерттеуді мақсат ететін зерттеу стратегиясы. Кейстің қандай жағдайды қамтуы қажеттігін зерттеуші өзі шешеді және ол көлемі жағынан түрлі болып келуі мүмкін. Кейс ретінде жергілікті билік
органдарын, мектепті, сыныпты немесе нақты бір оқушыны алуға болады.
Кейстік зерттеулер шағын зерттеу жұмысымен айналысатын зерттеушінің қажеті мен ресурсына сай келеді. Әр кейстің өзіне ғана тән ерекшелігі болғанымен, зерттеулер арасында ұқсастықтар да бар. Ал, бұл бір зерттеу қорытындысын екінші зерттеуді түсіну үшін қолдануға мүмкін екендігін түсіндіреді.
Білім беру саласына қатысты/ғылыми-педагогикалық зерттеулер
Білім беру қоғам мен әлеуметтік өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан, зерттеу саласы ретінде бұған қызығушылық танытатын академиялық пәндер өте көп. Айталық, тарихшылар уақыт процессіне қатысты зерттеулерінде білім беру саласындағы дамулар мен олардың әсеріне тоқталса, әлеуметтанушылар білімнің қоғам құрылысында атқаратын рөлі мен оның биліктегі орнын зерттейді. Ал, психологтар жеке адамның даму аспектілерімен байланыстыра қарастырса, экономистерді жұмыс күшінің даму мәселесі қызықтырады. Бұлардың барлығын шартты түрде әлеуметтік ғылымдар дейді; олар бір-бірімен тығыз байланысты, кейбір ұқсастықтары да бар. Білім беру мәселелерімен тығыз байланысты мұндай зерттеулерді әдетте білім беру саласына қатысты зерттеулер деп атайды.Іс-әрекетке қатысты зерттеулер негізінен 1960, 1970 жылдары университеттерде көптеп іске асырылған дәстүрлі зерттеулерге қарсы жауап ретінде пайда болды. Олар зерттеу кезінде сыныптармен жұмыс жасайтындар үшін еш практикалық пайдасы жоқ академиялық тәсілдерді көптеп қолданады деген пікір қалыптасты. Іс-әрекетті зерттеу ісі тәжірибеге негізделді және негізгі зерттеу парадигмаларына сүйенетін дәстүрлі тәсілдерден басқа бағытты ұстанды. Мұғалімдер өздерінің тәжірибесін бағалау үшін зерттеу дағдыларын қалыптастыруы керек. Қандай да бір өзгеріс болуы үшін, зерттеу мұқият және тиянақты жүргізілуі керек деген көзқарас пайда болды. Іс-әрекетке қатысты зерттеудің анықтамасына келсек, осы тәсілді жан тәнімен қолдап келген Эллиоттың(2003) пікіріне сүйенсек, іс-әрекетті зерттеу дегеніміз, қоғамда болып жатқан жағдайларды арттыру үшін әлеуметтік жағдайды зерттеу. Білім саласындағы зерттеулердің тағы бір түрі Білім беру тиімділігін зерттеу деп аталады. Нәтижелерді көбейтіп, шығынды азайту есебінен тиімділікті арттыруды мақсат ететін басқару стратегиясының 1980 жылы жасалып, іске асырылуы мектеп тиімділігі, кейінірек білімберу тиімділігі деп аталатын зерттеу саласының пайда болуына алыпкелді. Зерттеулердің тағы бір түрі Мектепті жетілдіруге арналған. Бұл қозғалыс жеке мектепті зерттеу нысаны ретінде алып, зерттеу тәсілдерінің көмегімен мектеп өмірін жақсартуға бастайтын стратегияларды жасап, іске асыруды мақсат етеді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1.Педагогика тарихы (Білім беру және педагогикалық ойлар тарихы). Оқулық ҚазМемҚызПУ – Алматы, 2009. – 398 б.
2.Беркімбаева Ш.К. ЖОО-да Болон үрдісінің талаптарының енгізілу мәселелері. // Педагогика және психология журналы № 4,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет