Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Ж.Аймауытовтың “Психология” еңбегі бойынша тезис
Оқушының тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалар дайындау
Білім беру технологияларын сабақта қолданудың жолдары
Орындаған: Ділдәбек Ажар
Қабылдаған: Рауандина Айтжамал
309 – топ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлау мамандығы
Алматы, 2023
Ж.Аймауытовтың “Психология” еңбегі бойынша тезис
Жүсіпбек Аймауытовтың Психология еңбегі 1926 жылы Қызылорда қаласында бастырылып шыққан. Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Еңбекте психология ғылымы, оның тарихынан хабардар етеді.
Жүсіпбек жазған бұл Психология еңбегі бас-аяғы ХІІ тараудан тұрады.
Бірінші тарау – Психология нені сөйлейді?
Екінші тарау – адамның қылығын қалай зерттеу керек?.
Үшінші тарау – Тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу.
Төртінші тарау – Денедегі кейбір мүшелер, олардың қызметтері.
Бесінші тарау – Соқыр сезім, сезім көңіл.
Алтыншы тарау – Зерделі қылық.
Жетінші тарау – Көлемдікті түйсіктеу.
Сегізінші тарау – Жалпы берне туралы.
Тоғызыншы тарау – Қайрат.
Оныншы тарау – Ұйқы, түс, көз байлау.
Он бірінші тарау – Теріс қылық.
Он екінші тарау – Адам қылығының әлеуметтік, шаруашылық негіздері.
Еңбекте жан ұғымы қалай туғандығы, психологияның дінмен байланысы, зат пен қимыл, жан мен рух, тірі заттардың қылығы туралы. Сонымен қатар, адам қылығын бақылау, тәжірибелі бақылау мен сұрау, қозғыштық, рефлекстер, жүйке саласы, ми бөлімдері, көз, құлақ, иіс сезу, дім сезу, келбет, ымдасу, адамның сезімдері, қорқыныш, еркіндік, бостандық және тағы да басқа бірнеше психология мәселелері қарастырылған.
«Психология – терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән, – деп жазады Жүсіпбек.
Оқушының тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалар дайындау
9 – сынып. Қазақ тілі. Мамаева М. 92 – бет
Тапсырма. Оқылым – мәтінді мұқият оқып шығып, мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыздар.
Тапсырма. Жазылым – мәтіннен күрделі сөздерді тауып, олардың жасалу жолдарын талдап көрсетіңіздер. Сол күрделі сөздерді қолдана отырып, шағын көлемді ғылыми стильдегі мәтін құраңыздар.
Тапсырма. Айтылым – мәтінді мазмұндық құрылысы жағынан талдап, әр бөлімдегі негізгі мәселені айтып, сынып ішінде ортаға салып қорғаңыздар.
Тапсырма. Тыңдалым – мәтінді мұқият тыңдаған соң, қорытынды тесттерін құрастырып, бір-біріңізбен алмастырыңыздар.
Білім беру технологияларын сабақта қолданудың жолдары
Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы – оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды. Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше, ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды, қиялын, ойын ұштайды.
Осы айтылғандарды ескере отырып, оқушыларды қазақ тілін оқытуға ынталандыратын және тілдік қабілетін дамытатын жаттығуларды пайдалану арқылы, деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық білім сапасын арттыруға болады.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламамалық, күрделенген деңгей.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы
Оқушы белсенділігінің оянуы
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы
Сабақта қолданудың жолдары:
Жекеше және топтық жұмыстар беру арқылы
Көрнекілік құралдарын қолдану арқылы
Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы
Тілдік құзіреттіліктерді дамыту барысында
Әдістемелер:
Кестемен жұмыс
Класстер
Презентация
Балық қаңқасы әдісі
Инсерт әдісі
Бағалау әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |