Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»
Оқу мақсаты 6.2.1.1- мәтіннен негізгі және қосымша,
детальді ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді
ақпараттарды ажыратады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті
тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан . Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Негізгі ақпарат
|
Қосымша ақпарат
|
Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды табыңыз.
Судың қасиетін зерттеген ғалым кім?______________________
Ол зерттеу барысында нені байқады? _____________________
Сумен емделудің қандай түрі бар? ________________________
Адам денесінің қанша пайызы судан тұрады? _____________
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді;
қосымша ақпараттарды ажыратады;
сұрақтарға жауап береді; детальді ақпараттарды табады.
Оқу мақсаты 6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер
жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |