Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет27/30
Дата07.10.2024
өлшемі2,17 Mb.
#205779
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
!3-ОШ ФО Қазақ тілі Т2 6кл

Бағалау критерийі


Білім алушы

• Тақырыптарға қатысты сөз бен сөз тіркестерінің


мағынасын ажыратады

• Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады


• Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті


формаларын қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Мәтінді тыңдап , берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз, сөйлем құрап айтыңыз.

Тараз-Талас өзені бойындағы тарихи қала. Ол - V ғасырда салынған 2000 жылдық тарихы бар көне қала. 568 жылы византиялық елші Земарх Тараз қаласы туралы алғашқы мәліметтер берген. 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сюань-Цзан хабарлайды. Ол Таразды Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы дейді.



  • ғасырда араб географы Әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз – бау-бақшасы көп, халық тығыз қоныстанған, терең орлары, төрт қақпасы мен қамалы бар үлкен бекіністі қала. Базар ортасында мешіт үйі тұр». Ал Асан қайғы бабамыз былай дейді: «Таяқ тастасаң тал болып көктейтін жер» - осы. Рудаки, Сағди, Жәми, Фирдоуси, Омар Хайям сынды Шығыс ақындары жырлайтындай: «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың». Ежелден ескірмей, бүгінге жеткен даналардың сөзі Тараздың кіре беріс қақпасына оюмен жазылған. Тараз қаласы 1856 жылдан бастап Әулиеата деп атала бастады. 1936 жылы Мирзоян аты қойылды. Ал 1938 жылы жыр алыбы, суырып салма ақын атамыз Жамбыл Жабаевтың есiмi берілген. Қазақстан Республикасының Президентi 1997 жылы 8 қаңтарда тамыры тереңде жатқан көне қалаға ежелгі аты Тараз атауын қайтарды. Тараз - қойнауы толы қазына, Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа Қатын, Шығыс моншасы, т.с.с. XII-IX ғасырлық көне ескерткіштерге бай қала.


    • Көне




    • Елші




    • Қамал




    • Ескерткіштер




    • Сауда орталығы




    • Бекіністі қала




    • Ежелгі сәулет өнері




    • Тамыры тереңде жатқан

Суреттер бойынша диалог құрастырыңыз, жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қажетінше пайдаланыңыз.


58




Дескриптор Білім алушы



  • сөздердің мағынасын ашады;

  • сөз тіркестерінің мағынасын ашады;

  • сөйлем құрап айтады;

  • сурет бойынша диалог құрастырады;

  • жұбына сұрақ қояды, жауап береді;

  • сөздер мен сөз тіркестерін тиімді қолданады.

59


Оқу мақсаты
6.3.4.1 - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет