Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы География 7-сынып Құрметті мұғалім!



бет11/34
Дата07.02.2023
өлшемі4,53 Mb.
#167770
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
fo geografiya 7-kl kaz

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 1. Географиялық зерттеу әдістері


Тақырып 1.1 Зерттеу және зерттеушілер


Оқу мақсаты 7.1.1.6 Географиялық нысандардың, құбылыстардың және
үрдістердің ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелейді:
сызба, диаграмма, профиль, график


Бағалау критерийі Білім алушы

• Нысандар, құбылыстар және үдерістердің


ерекшеліктерін графикалық әдіс арқылы көрсетеді


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма


1.Кестеде берілген қолайсыз климаттық құбылыстардың үлестік көрсеткіштерін қолданып, шеңберлік диаграмма құрыңыз.



Құрғақшылық

Нөсер

Дауыл

Үсік

Өрт

Аномалды

Су




жаңбыр







төтенше

төмен

тасқыны













жағдайы

температура




8%

14%

37%

1%

4%

17%

2%



2.Қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңыз. Қазақстанда болуы мүмкін бе? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы



  • қолайсыз климаттық құбылыстардың үлестік көрсеткіштерін шеңберлік диаграммада көрсетеді;

  • диаграммаға талдау жасайды.

37


Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 2. Картография және географиялық деректер базасы


Тақырып 2.1 Географиялық карталар


Оқу мақсаты 7.2.1.1 Тақырып бойынша картосхемалар жасайды


Бағалау критерийі Білім алушы

• Картосхемаларды тақырыпқа қатысты жасайды




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма


1.Қосымша мәліметтерді(температура, ауа қысымы, жел бағыты, ылғалдылық, жауын-шашын мөлшері) қолданып Қазақстанның синоптикалық картасын құрыңыз.


Қаңтар айының көрсеткіштерін - көк түспен, шілде айының көрсеткішін -қызыл түспен бейнелеңіз.


2. Синоптикалық картаны талдаңыз.


Дескриптор Білім алушы



  • Қазақстанның синоптикалық картасын құрастырады;




  • қаңтар айының көрсеткіштерін көк түспен көрсетеді;




  • шілде айының көрсеткіштерін қызыл түспен көрсетеді;




  • картаға талдау жасайды.

38

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.3 Гидросфера


Тақырып Гидросфера және оның құрамдас бөлігі


Оқу мақсаты 7.3.3.1 Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін
сипаттайды


Бағалау критерийі Білім алушы

• Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін


анықтайды


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма



  1. Төмендегі сұрақты жұпта талдаңыз. a. Гидросфераның құрамдас бөліктері ...




  1. Дүниежүзілік мұхит бөліктерінің анықтамаларын кестеге толтырыңыз.

Теңіздер

Шығанақ

Бұғаз

Түбек

Арал

Ішкі теңіз

Сыртқы
















теңіз

































3. Дүниежүзілік мұхит бөліктерінен өз қалауыңыз бойынша 2 теңіз, 2 шығанақ, 2 бұғаз, 2 түбек, 2 аралды кескін картаға түсіріңіз.


4. Карта мәліметін пайдаланып, дүниежүзілік мұхиттар аудандарының салыстыру нәтижесін диаграммада көрсетіңіз.


Дескриптор Білім алушы



  • гидросфераның анықтамасын айтады;




  • құрамын анықтайды;




  • дүниежүзілік мұхит бөліктерінің анықтамасын жазады;




  • дүниежүзілік мұхит бөліктерін кескін картада белгілейді;




  • төрт мұхиттың аудандарының салыстыру нәтижесін диаграммада көрсетеді.

39

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.3 Гидросфера


Тақырып Су ресурстарының маңыздылығы


Оқу мақсаты 7.3.3.2 Cу ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді


Бағалау критерийі Білім алушы

• Су ресурстарының маңыздылығын дәлелдейді




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма____Суреттер_бойынша_су_ресурстарының_қолдану_мақсатын_әңгімелеп_беріңіз_.____Дескриптор'>Тапсырма



  1. Суреттер бойынша су ресурстарының қолдану мақсатын әңгімелеп беріңіз.



Дескриптор Білім алушы



  • су ресурстарының қолдану аясын сипаттайды;




  • күнделікті өмірде қолданылуын әңгімелейді;




  • экономика салаларында қолдануын әңгімелейді;




  • маңыздылығын дұрыс қорытындылайды.

40

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.3 Гидросфера


Тақырып Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы


Оқу мақсаты 7.3.3.3 Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық
жағдайын сипаттайды


Бағалау критерийі Білім алушы

• Дүниежүзілік мұхиттың құрамын және географиялық


орнын анықтайды


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма


Физикалық картаны қолданып, берілген жоспар бойынша Үнді мұхитының географиялық орнын сипаттаңыз.


Жоспар

Географиялық орны


Ірі теңіздері
Құрамына кіретін ірі аралдары
Ірі түбектері
Ірі шығанақтары
Ірі бұғаздар


Дескриптор Білім алушы



  • картада Үнді мұхитының географиялық орнын анықтайды;




  • құрамына кіретін Ірі теңіздерді анықтайды;




  • ірі аралдарды анықтайды;




  • ірі түбектерді анықтайды;




  • ірі шығанақтарды анықтайды,




  • ірі бұғаздарды анықтайды.

41


Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.3 Гидросфера


Тақырып Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы


Оқу мақсаты 7.3.3.4 Мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар
бойынша сипаттайды


Бағалау критерийі Білім алушы

• Мұхитты және құрамдас бөлігіне сипаттама береді




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма


Кез келген бір мұхитты алып, жоспар бойынша сипаттаңыз.


Жоспар

Мұхиттың атауы және ауданы


Экватор мен бастапқы меридианға қатысты орны
Құрамына кіретін ірі аралдары, түбектері, шығанақтары, бұғаздары
Ең терең жері
Жылы және суық ағыстары


Дескриптор Білім алушы



  • мұхиттың ауданы бойынша орнын жазады;




  • мұхиттың экваторға қатысты орнын анықтайды;




  • бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайды;




  • құрамына кіретін ірі аралдарды анықтайды,




  • құрамына кіретін ірі түбектерді анықтайды;




  • құрамына кіретін ірі шығанақтарды анықтайды;




  • құрамына кіретін ірі бұғаздарды анықтайды




  • ең терең жерін анықтайды;




  • жылы ағыстарын анықтайды;




  • суық ағыстарын анықтайды.

42


Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.3 Гидросфера


Тақырып Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері


Оқу мақсаты 7.3.3.5 Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін
факторларды анықтайды


Бағалау критерийі Білім алушы

• Мұхит суының қасиеттерін сипаттайды


• Әсер ететін факторларды түсіндіреді




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма


1.Төмендегі сұрақтарды жұппен талдаңыздар.
Мұхит суының негізгі қасиеттері қандай?
Осы қасиеттерінің өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді деп ойлайсыз?


2. Атлас карталарынан 1 мұхиттағы 2 теңіздің тұздылық деңгейлерін салыстырып сипаттаңыз (теңіздер мұхиттың әр бөлігінде орналасуы керек, қатар тұрған теңіздерді алуға болмайды).


3.Карта мәліметтерін пайдаланып, дүниежүзілік мұхиттың тұздылығына байланысты есептер шығарыңыз.
a. 450 лирт теңіз суында, әр түрлі заттардың мөлшері неше грамм ? (Ескерту: дүние жүзілік мұхит суының орташа тұздылығы 35‰. Промилле 1/1000 бөлік дегенді білдіреді) b. Егер тұздылық 27‰ болса, Қара теңіздің 4.2 м³ суында әр түрлі заттардың мөлшері неше грамм (кг) (1 м³ - 1000 литр)?


4.Дүниежүзінің кескін картасына, дүниежүзілік мұхит суының тұздылығы жоғары және төмен аймақтарын белгілеңіз.


Дескриптор Білім алушы



  • мұхит суының қасиеттерін (температура, тұздылық)

сипаттайды;



  • карта арқылы осы қасиеттерінің өзгеру себептерін анықтайды;




  • өз анықтауларын мысалдар мен аргументтер келтіре отырып, түсіндіреді;




  • нақты мәліметтерді қолдана отырып, есептеулер жүргізеді;




  • есептеулер бойынша негізгі аймақтарды кескін картаға белгілейді.

43




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет