• Тіктөртбұрыштың, ромбтың, шаршының анықтамалары мен қасиеттерін есептер шығаруда қолданады
• Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданып,
есептер шығарады
• Ромбтың қасиеттері мен белгілерін қолданып, есептер
шығарады
• Шаршының қасиеттері мен белгілерін қолданып,
есептер шығарады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Тіктөртбұрыш, ромб, шаршының анықтамалары мен қасиеттеріне сүйене отырып бос орындарды толтырыңыз.
11
Дескриптор: Білім алушы
тіктөртбұрыш, ромб, квадраттың қасиеттерін қолданады
2-тапсырма
Ромбтың диагоналы оның бір бұрышын, бірі екіншісінен 4 есе артық болатындай, бұрыштарға бөледі. Ромбтың барлық бұрыштарын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
сызбасын салады;
ромб диагональдарының қасиеттерін қолданады;
ромб бұрышының қасиеттерін қолданады;
ромб бұрыштарын табады.
3-тапсырма
Егер тіктөртбұрыштың диагональдары перпендикуляр болса, онда тіктөртбұрыштың шаршы болатынын дәлелдеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
сызбасын салады;
тіктөртбұрыштың диагональдарының қасиеттерін қолданады;
үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қолданады;
өз тұжырымын дәлелдейді.
4-тапсырма
Тіктөртбұрыш диагональдарының арасындағы бұрыштардың қатысы, 2:7 қатынасындай. Тіктөртбұрыштың диагональдары мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарды табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
сызбасын салады;
тіктөртбұрыштың диагональдарының қасиеттерін қолданады ;
сыбайлас бұрыштардың қасиетін қолданады;
тең бүйірлі үшбұрыш қасиеттерін қолданады;
тіктөртбұрыштың диагоналы мен қабырғаларының арасындағы бұрыштарды анықтайды.
12
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
Оқу мақсаты 8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |