Бөлім: «Көпбұрыштар.
Төртбұрыштарды зерттеу»
Оқу мақсаты
8.1.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу
• Көпбұрышты, оның түрлері мен элементтерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Төмендегі (а-ж) суреттерде AB, BC, CD, DE, EA кесінділерінен құралған фигуралар кескінделген. Олардың қайсысы
көпбұрыш болады?
дөңес көпбұрыш болады?
Дескриптор: Білім алушы
көпбұрыштарды таниды;
дөңес көпбұрыштарды таниды.
2-тапсырма
4
Сызба
|
Элементтері
|
Белгіленуі
|
Бұрыштар
Қабырғалары
Көпбұрыштың А2
төбесінен шығатын
барлық
диагональдарды
салыңыз
Дескриптор: Білім алушы
көпбұрыш бұрыштарын анықтап, жазады;
көпбұрыш қабырғаларын анықтап, жазады;
көпбұрыш диагональдарын тұрғызады.
5
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
Оқу мақсаты
8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару
Бағалау критерийі
Білім алушы
Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығарады
Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығарады
Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы формуласын есептерді шығару барысында қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Кестені жоғарыдан төмен қарай толтыра отырып, көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын есептейтін формуланы қорытып шығарыңыз.
Көпбұр
|
1 төбеден
|
Пайда
|
Ішкі
|
Ішкі және
|
Сыртқы
|
ыш
|
шығатын
|
болған
|
бұрыштар
|
сыртқы
|
бұрыштар
|
|
диагональдар
|
үшбұры
|
ының
|
бұрыштарыны
|
ының
|
|
ының саны
|
штар
|
қосындысы
|
ң қосындысы
|
қосындысы
|
|
|
саны
|
|
|
|
|
-
|
1
|
1800
|
(ішкі
|
5400-
|
|
|
|
|
бұрыш+сыртқы 1800=3600
|
|
|
|
|
бұрыш)*3=1800
|
|
|
|
|
|
*3=5400
|
|
|
1
|
2
|
2*1800=3600
|
|
|
n-
бұрыш
6
Дескриптор: Білім алушы
көпбұрыштың бір төбеден шығатын диагональдарының санын анықтайды;
бір төбеден шығатын диагональдар көпбұрышты қанша үшбұрышқа бөлетінін анықтайды;
көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табады;
көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын табады;
көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын табады;
кез-келген көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейтін формуланы қорытып шығарады;
кез-келген көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы туралы қорытынды жасайды.
2-тапсырма
Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 144˚. Сыртқы бұрыштардың қосындысы формуласын қолданып, осы көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
көпбұрыштың сыртқы бұрышының қосындысы формуласын қолданып, өрнек құрады;
қабырғалар санын анықтайды.
3-тапсырма
Анықтаңыз:
сегізбұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын;
дұрыс бесбұрыштың бір бұрышының градустық мәнін;
ішкі бұрыштарының қосындысы 900˚ тең болса, онда көпбұрыштың бұрыштарының санын;
Дескриптор: Білім алушы
көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы формуласын қолданады;
сегізбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейді;
бесбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын анықтайды;
дұрыс бесбұрыштың бір бұрышының градустық мәнін табады;
көпбұрыштың бұрыштарының санын анықтайды.
7
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
Оқу мақсаты
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Параллелограммның қасиеттерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Параллелограммның периметрін табыңыз, егер
бір қабырғасы екіншісінен 5 см артық болса;
бір қабырғасының ұзындығы екіншісінен 3 есе аз болса;
қабырғаларының қатынасы 3:5 қатынасындай болса.
Дескриптор: Білім алушы
параллелограммның қабырғаларын айнымалы арқылы өрнектейді;
параллелограмм қабырғаларының қасиеттерін қолданады;
параллелограммның периметрін өрнектейді.
2-тапсырма
Параллелограммның барлық бұрыштарын табыңыз, егер
параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 330-қа кем болса;
параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 5 есе артық болса;
параллелограммның екі бұрышының қатынасы 2 және 3 сандарының қатынасына пропорционал.
Дескриптор: Білім алушы
параллелограммның бұрыштарын айнымалы арқылы өрнектейді;
параллелограмм бұрыштарының қасиеттерін қолданады;
теңдеу құрып, оны шешеді;
параллелограммның бұрыштарын табады.
3-тапсырма
Сызбаның көмегімен параллелограммның периметрін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
параллелограммның қасиетін қолданады;
тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгісін қолданады;
тең бүйірлі үшбұрыштың белгісін қолданады;
белгісіз бұрыштарды табады;
параллелограммның қабырғасын табады; параллелограммның периметрін табады.
8
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
Оқу мақсаты
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Параллелограммның белгілерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Асан ABCD төртбұрышын салды, ал Айгүл KMPN төртбұрышын салды, бірақ олар сызбаларын аяқтап үлгермеді. Төртбұрыштардың қайсысы параллелограмм болуы мүмкін?
Шешуі:
Егер төртбұрыштың _________ қабырғасы __________ және ______________ болса, онда бұл төртбұрыш параллелограмм болады.
Егер төртбұрыштың ___________ қабырғалары қос-қостан ________ болса, онда бұл төртбұрыш параллелогамм болады.
KMPN төртбұрышында KM және ________ қарама-қарсы қабырғалары параллель _________, сондықтан бұл төртбұрыш параллелограмм ___________________.
ABCD төртбұрышында AD және _____ қабырғалары параллель, АВ мен_______________________ және тең болса, ABCD төртбұрышы параллелограмм
__________________.
Жауабы: ___________ төртбұрышы параллелограмм болуы мүмкін.
Дескриптор: Білім алушы
қабырғаларына байланысты, параллелограммның белгілерін тұжырымдайды;
параллелограммның белгілеріне сүйеніп бос орындарды толтырады;
параллелограмм болуы мүмкін төртбұрышты анықтайды.
9
2-тапсырма
Сызбадағы төртбұрыштардың параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.
D С
А В
Дескриптор: Білім алушы
тең үшбұрыштардың анықтамасын қолданады;
үшбұрыштардың сәйкес қабырғаларының (сәйкес бұрыштарының) теңдігін көрсетеді;
параллелограммның белгілерін қолданады;
параллелограмм болатынын дәлелдейді;
түзулердің параллельдік белгілерін қолданады;
параллелограмм белгілерін қолданады.
10
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
Оқу мақсаты
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
|