Өлеңті жалпы орта білім беру мектебі
Ашық сабақ
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n–ші мүшесінің қосындысы
Пән мұғалімі:Рысхожин А.М.
2015-2016 оқу жылы
Пән: Алгебра
Сынып: 9
Мерзімі: 3.12.2015жыл
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Біліміділік: Оқушыларға арифметикалық прогрессия алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын қолданып есеп шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өзіне сенімділігін арттырып оқушылардың білімін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйретіп, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, өзін-өзі тану, тарих
Құрал-жабдықтар: оқулық, интерактивті тақта, тест тапсырмалары, дидактикалық материал, сызбалар, кестелер
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I.Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
1.Сәлемдесу;
2.Оқушыларды түгендеу;
3.Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру(жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері)
Психологиялық дайындық:(1 минут)
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың болар табылатын қасыңнан.
-балалар , бүгін барлығымыз сабақта бір-бірімізге не тілейміз? (оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл-күй» деп атайды.
III.Үй тапсырмасын тексеру, қайталау (1 минут)
а) теориялық білімдерін тексеру.
ә) үй жұмысы есептерін тексеру: №173, №174.
Шар ұшыру ойыны (слайдта боялған шарларда үй жұмысының дұрыс жауаптары болады, егер оқушы үй жұмысын дұрыс орындаса, онда шар әуеге қалықтайды!)
№173. болатын арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар?
Шешуі:
7d=-28
d=-4
Жауабы:
№174.Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесі 1-ге, ал бесінші мүшесі 7-ге тең. Осы прогрессияның мыныңшы мүшесін табыңдар?
Шешуі:
3d=6
d=2
Жауабы:
II.Тарихи мәліметтер (2 минут)
Оқушылар өздері арифметикалық және геометриялық прогрессия тақырыптары бойынша ғалымдардың қандай еңбектері бар екеніне байланысты іздену жұмыстарын жүргізген.
Пысықтау сұрақтары: (2 минут)
1)Арифметикалық прогрессия дегеніміз не? Анықтап айт?
2) Прогрессия (латынша progression сөзі) мағынасы? (алға қозғалу)
3) 10,13,... арифметикалық прогрессияда төртінші мүшесі неге тең?
Арифметикалық прогрессияның анықтамасы
|
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы
|
Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті
|
Арифметикалық прогрессияның айырымының формуласы
|
Достарыңызбен бөлісу: |