2.2.3.2 Дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дене бітімінің сымбатын сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Қай оқушының дене сымбаты дұрыс қалыптаспаған? Белгіле ().
Жұптық жұмыс
Берілген сұрақтар бойынша жұпта ой бөліс.
Омыртқа жотасы неліктен қисаяды?
Омыртқаның қисаюы ағзаға қалай әсер етеді?
Дене сымбаттылығын сақтау маңызды ма?
Дене сымбатын сақтау ережелерін құрастырыңдар.
Дескриптор Білім алушы
дене сымбаттылығы сақталмаған суретті анықтайды;
омыртқа жотасының қисаю себептерін анықтайды;
омыртқа жотасының қисаюынан туындайтын зардаптарды атайды;
дене сымбаттылығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді;
дене сымбатын сақтау ережелерін құрастырады.
Бөлімше 2.3 Адам
Оқу мақсаты
2.2.3.3 Бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Бұлшық еттің қызметін сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Бұлшық ет қандай қызмет атқарады? Қарапайым тәжірибе жасай отырып, анықта.
Кітаптар салынған сөмкеңді бір қолыңмен жоғары көтер. Екінші қолыңмен білектің жоғарғы жағындағы бұлшық етті ұстап көр. Қандай өзгеріс байқадың? Жақшадағы сөздерді пайдаланып жаз.
Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)
Енді жүк көтерген қолыңды түсір. Бұлшық етте қандай өзгеріс болды? Жаз.
Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)
Дескриптор Білім алушы
тәжірибе жасайды және нәтижесін сипаттайды;
бұлшық еттің қызметін түсіндіреді.
Бөлімше 2.3 Адам
Оқу мақсаты
2.2.3.4 Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Гигиена сақтаудың адам өміріндегі рөлін анықтайды.
Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерден мақал құрастырып жаз: кепілі, денсаулық, тазалық
тіс күтіміне қатысты дұрыс тұжырымдарды белгілейді;
тісті күтудің денсаулыққа тигізетін әсерін сипаттайды.
Т
Бөлім: Мен – зерттеушімін
Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
2.1.2.4 Бақылау жүргізудің жоспарын құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Бақылау жасау үшін жоспар құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз өлкеңде қыстап қалатын құстарды білесің бе? Олардың қысқы тіршілігін бақылау үшін жоспар құрастыр.
Жоспар құру үшін төмендегі сұрақтарды пайдалан.
Құстарды не үшін бақылайсың?
Құстарды қай жерде бақылайсың?
Қашан және қанша уақыт бақылайсың?
Қалай бақылайсың?
Нәтижесін қайда және қалай тіркейсің?
Жоспар:
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Дескриптор Білім алушы
сұрақтар бойынша бақылау жүргізудің кезеңдерін әңгімелейді;
сұрақтардың негізінде бақылау жоспарын құрастырады.
Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
2.1.2.5 Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жоспар бойынша бақылау жүргізеді.
Бақылау нәтижесін қорытындылайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Қыстап қалатын құстардың тіршілігін анықтау үшін құрастырған жоспарың бойынша бақылау жаса. Нәтижесін кестеге жаз.
Құстың атауы
Құстың сипаты
Қоректенуі
қорытынды
Жасаған бақылауыңның нәтижесін сұрақтардың көмегімен әңгімеле.
Сенің өлкеңде қандай құстар қыстап қалады?
Оларды қай жерден көрдің?
Қалай және қанша уақыт бақыладың?
Құстардың сыртқы сипаты қандай?
Олар қалай және немен қоректенеді?
Құстардың қысқы тіршілігі туралы не айтасың?
Дескриптор Білім алушы
жоспар бойынша бақылау жүргізеді;
бақылау нәтижесін кестеге түсіреді;
бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
2.1.2.7 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тәжірибе жасайды және нәтижесін кестеге жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Газдалған сусындар тістің жылтыр кіреукесіне (эмаль) әсер ете ме? Сұраққа жауап
беру үшін қарапайым тәжірибе жасап көр.
Керекті заттар: тауықтың шикі сүйегі, екі стақан, газдалған сусын, таза су.
Екі стақанның біреуіне газдалған сусын, екіншісіне таза су құй. Олардың ішіне тауықтың қайнатылмаған шикі сүйегін салып қой. Оларды бір күннен кейін салыстыр.
Тәжірибенің нәтижесін кестеге жаз. Қорытынды жаса.
Бақылауға алынған зат
Бақылаудың нәтижесі
Газдалған сусынға салынған сүйек
Таза суға салынған сүйек
Дескриптор Білім алушы
тәжірибе жасайды;
тәжірибенің нәтижесін кестеге түсіреді;
нәтижеге сүйеніп қорытынды жасайды.
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері
Бөлімше 3.2 Ауа
Оқу мақсаты
2.3.2.1 Біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ауаның адам, жануар және өсімдік тіршілігіндегі маңызын сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сұрақтар мен суреттерді пайдаланып, әңгімеле.
Ауаның адам, өсімдік, жануарлардың тіршілігі үшін қандай маңызы бар?
Ауаның ластануына не әсер етеді?
Лас ауаның қоршаған ортаға қандай зияны бар?
Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
Дескриптор Білім алушы
ауаның жер бетіндегі тіршілік үішн маңызын сипаттайды;
ауаның ластануына әсер ететін факторларды атайды;
лас ауаның зияндылығы туралы айтады;
ауаны қорғау үшін атқарылатын әрекеттерді атайды;
ауа тазалығының маңызын түсіндіреді.
Бөлімше 3.2 Ауа
Оқу мақсаты
2.3.2.2 Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі)
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ауаның қасиеттерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Ауаның қандай қасиеттері бар? Қарапайым тәжірибелер жаса. Нәтижесін жаз.
Дескриптор Білім алушы
сипаттамасы бойынша қарапайым тәжірибелер жасайды;
ауаның мөлдір екендігін анықтайды;
ауаның түссіз екендігін түсіндіреді;
ауаның иіссіз екендігін анықтайды;
ауаның серпімділік қасиетін анықтайды.
Бөлімше 3.2 Ауа
Оқу мақсаты
2.3.2.3 Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ауаның орын алу және жылу өткізгіштік қасиеттерін сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма Ауаның қасиеттерін анықтауға арналған қарапайым тәжірибелер жаса. Нәтижесін жаз.
Су толтырылған ыдыстың ішіне стақанды тігінен төңкеріп сал. Стақан бірден суға тола ма? Енді стақанды бір жағына қарай қисайт. Не байқадың? Көпіршіктер қайдан пайда болды? Стақан неліктен бірден суға толып кетпей тұр?
2.1.2.6 Эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже)
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тәжірибе жасаудың негізгі кезеңдерін атайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суретке сүйеніп, балауыз шаммен жасалған тәжірибені сипаттап айт.
Сөйлемдерді түсініп оқы. Тәжірибенің негізгі кезеңдерін анықта.
_____________________
_____________________
_ ____________________
_____________________
_____________________
_____________________
Дескриптор Білім алушы
балауызбен жасалған тәжірибені сипаттап айтады;
сөйлемдердің негізінде тәжірибенің басты белгілерін анықтайды.
Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
2.1.2.7 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тәжірибе жасайды және нәтижесін кестеге жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Судың қасиетін анықтау үшін қарапайым тәжірибе жаса. Нәтижесін кестеге жаз.
Сұйықтық
Нәтижесі
Екі шыны стақанның біреуіне су, екіншісіне сүт құй. Екеуінің ішіне де таяқша сал. Қай стақанның ішіндегі таяқша көрінеді? Қайсысында көрінбейді? Неліктен?
Тәжірибе арқылы судың қандай қасиетін анықтадың. Жаз.